Бейжіңдегі Қысқы Олимпиаданы ұйымдастыру комитеті: Олимпиада қатысушыларына індеттің күшейтпелі вакцинасын алуды ұсынады

(Онлайн Халық Газеті)2021 жыл 23 желтоқсан
Бейжіңдегі Қысқы Олимпиаданы ұйымдастыру комитеті: Олимпиада қатысушыларына індеттің күшейтпелі вакцинасын алуды ұсынады

23 желтоқсан, онлайн «Халық Газеті» -- Бүгін таңертең Мемлекеттік кеңес баспасөз мәслихатын өткізіп, «2022 жылғы Бейжің қысқы Олимпиадасы мен қысқы паралимпиада ойындарының індеттің алдын алу жөніндегі нұсқаулықтың» екінші басылымының тиісті мазмұнымен таныстырды. Бейжіңдегі Қысқы Олимпиаданы ұйымдастыру комитеті төрағасының арнайы орынбасары және бас хатшысы Хан Церон барлық Олимпиадаға келетін адамдар орталықтандырылған жерде оқшауланбай, төте түрде жабық басқарылатын аумаққа кіру үшін Қытайға келуден кем дегенде 14 күн бұрын бүкіл вакцинация процесін аяқтауы керектігі туралы мәлімдеді. Ол ағымдағы жаһандық індет жағдайының күрделілігін ескере отырып, Олимпиадаға келетін барлық адамдарға індет вакцинасының күшейткішімен вакцинациялауды ұсынатындығын айтты.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото