- Барлық ақпарат
Қытай АҚШ-тың «Ұйғырларды мәжбүрлі еңбекке жұмылдыруға жол бермеу туралы заңға» қол қойғанына үзілді-кесілді қарсы
24 желтоқсан, онлайн «Халық Газеті» -- Сыртқы істер министрлігі сайтының хабарлауынша, жергілікті уақытпен 23 желтоқсан күні АҚШ «Ұйғырларды мәжбүрлі еңбекке жұмылдыруға жол бермеу туралы заңына» қол қойды. Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы бүгін мәлімдеме жасап, бұл құжаттың шындыққа жанаспайтындығын, Қытайдың Шыңжаңдағы адам құқықтарының жағдайына қасақана жала жабылғанын, Қытай бұған үзілді-кесілді қарсы тұратындығын айтты.
Сыртқы істер министрлігінің өкілі Шыңжаңдағы «мәжбүрлі еңбек» және «геноцид» деген ұғымдардың Қытайға қарсы күштердің ойдан шығарған қиянат өтірігі екенін айтты. Шыңжаңның экономикалық дамуы мен әлеуметтік орнықтылығы жұртқа аян: барлық ұлт өкілдері тату-тәтті өмір сүріп, еңбек етуде. АҚШ Шыңжаңға қатысты мәселелерді қайталап көтеріп, қауесетті тарату үшін пайдаланды. Бұл шынтуайтында адам құқықтарын желеу етіп саяси айла-шарғы мен экономикалық қоқан-лоқы көрсетіп, Шыңжаңның гүлденуі мен тұрақтылығына нұқсан келтіру және Қытайдың дамуын тежеу әрекеті болып табылады.
Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Шыңжаңға қатысты мәселелердің бастысы адам құқығы емес, зорлық-зомбылық, лаңкестік және жіктеушілікке қарсы күрес мәселелері екенін баса айтты. АҚШ-тың әрекеттері нарық ережелері мен іскерлік этикаға толығымен қайшы келіп, жаһандық өнеркәсіптік жүйе тізбегінің тұрақтылығына нұқсан келтіреді. Сол сияқты халықаралық сауда тәртібін бұзып, Америка Құрама Штаттарының жеке мүдделері мен ұлттық сеніміне күмән тудырады.
Сыртқы істер министрлігі Қытайдың АҚШ тарапынан болған қателіктерін дереу түзеп, Шыңжаңға қатысты мәселелерді пайдаланып негізсіз ақпарат тарату, Қытайдың ішкі істеріне араласу және дамуын тежеу әрекеттерін тоқтатуға шақыратынын білдірді. Қытай қалыптасқан жағдайдың дамуына қарай ашық жауап беретін болады.
people.cn © People's Daily Online