- Барлық ақпарат
Чжао Лицзянь : егер кейбір кәсіпорындар Шыңжаң өнімдерін пайдаланбаса, бұл олардың өдері үшін жоғалту саналады
24 желтоқсан, онлайн «Халық Газеті» -- Жақында Intel өз жеткізушілеріне Шыңжаң өнімдерін пайдалануға тыйым салғаны белгілі болып, үлкен қоғамдық резонанс туған еді. 23 желтоқсанда Intel Қытайдағы Weibo парақшасында мәлімдеме жасап, Intel компаниясының Шыңжаңға қатысты мәлімдемелері үшін кешірім сұрады. Мәлімдемеде: «Құрметті қытайлық тұтынушыларымызға, серіктестерімізге және жұртшылыққа келтірген қолайсыздық үшін кешірім сұраймыз» деген болатын.
Intel компаниясының мәлімдемесіне қатысты Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Чжао Лицзянь сол күнгі кезекті баспасөз мәслихатында тиісті сұрақтарға жауап бере отырып, осы мәлімдемені атап өтті және тиісті компания айғақтарды байыптап, дұрыс пен бұрысты айқындайтынынан үмітті екенін білдірді. «Біз Шыңжаңдағы "мәжбүрлі еңбек" туралы мәлімдеменің АҚШ-тағы Қытайға қарсы күштер ойлап тапқан өтірік екенін бірнеше рет атап өттік. Мақсат - Қытайдың беделіне кір келтіру, Шыңжаңды тұрақсыздандыру және Қытайдың дамуына кедергі жасау. Шыңжаңдағы халық еңбекқор және батыл, ал өнімдерінің сапасы жоғары. Егер жеке компаниялар оны қолданбауды шешсе, бұл олардың өдері үшін жоғалту саналады», - деді.
people.cn © People's Daily Online