Қытайдың «Бір белдеу, бір жол» бойындағы елдерге инвестициясы өсуде

(Онлайн Халық Газеті)2021 жыл 24 желтоқсан

24 желтоқсан, онлайн «Халық Газеті» -- Тілшінің Сауда министрлігінен алған мәліметіне сәйкес, жыл басынан бері Қытайдың «Бір белдеу, бір жол» бойындағы елдерге инвестиция ынтымақтастығы үздіксіз артып келеді.

Үстіміздегі жылдың қаңтар-қараша аралығында Қытайдың «Бір белдеу, бір жол» бойындағы елдерге қаржылық емес тікелей инвестициясы 17,99 миллиард АҚШ долларын құрады, бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 12,7%-ға өскен. «Бір белдеу, бір жол» бойындағы елдердегі келісім-шарт жобаларының айналымы 76,65 миллиард АҚШ долларын құрап, бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 8,2%-ға өсті.

Мәліметтерге қарағанда, қаңтардан қарашаға дейін Қытайдың шетелге қаржылық емес тікелей инвестициясы 640,38 миллиард юань болған, ал шетелдік келісім-шарт жобаларының айналымы 856,47 миллиард юаньға жеткен. Жасау өнеркәсібі мен басқа салаларда шетелге инвестиция салымы үздіксіз өсу көрсеткішін сақтап отыр.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото