Қысқы Олимпиада трассасының күнгей беттегі жолы «теріскей бетке» қалай ауысты?

(Онлайн Халық Газеті)2021 жыл 24 желтоқсан

24 желтоқсан, онлайн «Халық Газеті» -- Солтүстік жарты шарда өтетін Қысқы Олимпиада ойындарының жолдары негізінен таудың солтүстік беткейінде орналасқан. Бейжіңдегі қысқы Олимпиада ойындарының Янцин жарыс аймағындағы ұлттық шана орталығы жер бедерінің әсерінен Хайтуо тауының оңтүстік беткейіне салынған. Бұл әлемдегі таудың оңтүстік беткейіне салынған жалғыз шана жолы.

Оңтүстіктегі күн сәулесі мен ауа температурасы солтүстік беткейге қарағанда күштірек. Күн сәулесі жолдағы мұздың температурасын арттырады. Бұл мәселені шешу үшін дизайнерлер жолдың пішіні мен табиғи жер бедеріне сәйкес, жолға арналған болат пен ағаштан біріктірілген тент жүйесін әзірледі. Күн сәулесі, жел, жаңбыр, қар және т.б. сияқты ауа-райының құбылмалы факторларынан мұз бетін тиімді қорғау, тікелей күн сәулесін айтарлықтай азайту, энергияны үнемдеу мен жылуды сақтау үшін тент бүкіл жолға төселіп, күнгей беттегі жарыс жолын теріскей етіп өзгертті.

Бейжіңдегі қысқы Олимпиада ойындары кезінде Ұлттық шана орталығы бобслей, скелетон және шаналардың үш түрінен барлық жарыстарды өткізеді. Ұзындығы шамамен 1,9 шақырымды құрайтын жолдың биіктік айырмашылығы 120 метрден асады. Ол бұрылу бұрышы мен еңісі әртүрлі 16 айналма жолдан құралған. Оның ішінде әлемде өте сирек кездесетін 360 градустық айналма жол да бар.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото