Әлемдегі ең биік желіге қосылған кең ауқымды жел электр станциясы пайдалануға берілді

(Онлайн Халық Газеті)2021 жыл 24 желтоқсан

24 желтоқсан, онлайн «Халық Газеті» -- Жақында Қытай электр энергетиклық құрылысының Чэндудағы барлау және жобалау институты EPC (жобалау-сатып алу-құрылыс) салған әлемдегі ең биік ауқымды жел энергетикасы жобасы - Тибеттің Чжэгу орталықтандырылмаған жел электр станциясының бірінші партиясы электр энергиясын өндіруге арналған желіге қосылып, отандық және халықаралық ультра жоғары жел энергетикасын дамытудағы олқылықты толтырды.

Чжэгу жел электр қуаты жобасы Three Gorges Group компаниясымен инвестицияланған, Тибеттің Шаннан қаласы, Куомэй ауданы, Чжэгу қалашығында орналасқан. Ол теңіз деңгейінен 4850 - 5500 метр аралығындағы биіктікте орнатылған, қондырғының ең жоғары хаб орталығының биіктігі 5158,4 метр. Іске қосылатын қуаты 22 МВт, оның ішінде дербес қуаты 2,2 МВт болатын 5 жел турбиналы генератор, дербес қуаты 2,2 МВт болатын 5 қосарланған индукциялық генератор және 110 киловольттық күшейткіш стансасы бар.

Хабарларға қарағанда, бұл жоба Қытайдағы ультра биіктіктегі жел энергетикасының зерттеу-демонстрациялық жобасы болып табылады. Ол болашақта құрылыс нысандарын деректермен қамтамасыз етумен бірге, жел энергетикасы өнеркәсібінің ультра биік аймақтарында технологиялық барлау жұмыстарын жүргізуге ықпал жасайды. Бұл жобаның аяқталуы Тибеттің таза энергия базасының құрылысын одан әрі ілгерілетіп, «Тибет қуатын тысқа тасымалдауды» жүзеге асыруға және көміртегі шыңы мен бейтараптығына жетуге көмектеседі.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото