Сыртқы істер министрлігі АҚШ шенеуніктерінің Қытайдағы қысқы Олимпиада ойындарына қатысу туралы өтініштеріне жауап берді

(Онлайн Халық Газеті)2021 жыл 28 желтоқсан
Сыртқы істер министрлігі АҚШ шенеуніктерінің Қытайдағы қысқы Олимпиада ойындарына қатысу туралы өтініштеріне жауап берді

28 желтоқсан, онлайн «Халық Газеті» -- Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Чжао Лицзянь 27 желтоқсан күнгі кезекті баспасөз мәслихатында Қытайдың АҚШ қызметкерлерінің визалық өтініштерін тапсырып алғанын, оларды халықаралық тәжірибеге, тиісті ережелерге және өзара әрекет ету принципіне сәйкес қарастыратынын мәлімдеді.

Журналист былай деп сұрақ қойды:Хабарларға қарағанда, ақпарат көздері АҚШ үкіметінің жақында Қытайға АҚШ Мемлекеттік департаменті мен Қорғаныс министрлігінен 18 өкілді жіберу туралы ұсыныс жасағанын айтты. Олар Бейжің қысқы Олимпиада ойындары кезінде американдық спортшыларға қауіпсіздік пен медициналық қолдау көрсетеді деді. Содан кейін 40-қа жуық өзге шенеуніктерге визалық өтініштер берілуі мүмкін. Қытай осы жағдайды растай ала ма? Тиісті тұлғалардың визалық өтініштері мақұлдана ма?

«Қытайдың американдық өкілдердің визалық өтініштерін қабылдағаны рас», - деді Чжао Лицзянь. Ол тағы да бұған дейін АҚШ саяси айла-шарғы жасау мақсатында, дипломатиялық немесе ресми қызметкерлерді Бейжің қысқы Олимпиадасына шақырусыз жібермеу сынды саяси ойын ойнады. «АҚШ-тың Қытайға мемлекеттік шенеуніктердің тобын жіберу үшін визаға берген өтінішін Қытай халықаралық тәжірибеге, тиісті ережелерге және өзара әрекет ету принципіне сәйкес бір жақтылы ететін болады»-,деп жеткізді.

«Біз Америка Құрама Штаттарын тағы да Олимпиадалық рухты ұстануға, спортты саясаттандыруды тоқтатуға және Бейжіңдегі қысқы Олимпиада ойындарына кедергі келтіретін кез келген пікірлер мен әрекеттерді тоқтатуға шақырамыз», - деді Чжао Лицзянь. 

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото