Қысқы Олимпиаданың жеті үлкен нысанының қайсысы «ең жас» болып табылады?

(Онлайн Халық Газеті)2021 жыл 28 желтоқсан

28 желтоқсан, онлайн «Халық Газеті» -- Бейжіңдегі Қысқы Олимпиада ойындарында 7 маңызды жарыс түрі бар. Олардың ішінде керлинг жарысы 1998 жылы Наганодағы 18-інші қысқы Олимпиада ойындарынан бастап Қысқы Олимпиада ойындарының ресми оқиғасы санатына кірген, сондықтан ол «ең жас» үлкен жарыс түрі болып табылады.

Қысқы Олимпиада тарихына келсек, шаңғы, коньки тебу, шайбалы хоккей және бобслей үнемі классикалық және дәстүрлі негізгі нысан болып келеді. Алғашқы 7 қысқы Олимпиада осы төрт негізгі нысанның үлгісін қолдануды жалғастырды.

1960 жылы АҚШ-тың Скво-Валли қаласында өткен 8-інші қысқы Олимпиада ойындарында әскери шаңғы ату ресми нысанға айналып, биатлон деп аталған болатын.

1964 жылғы 9-ыншы қысқы Олимпиада ойындарында шана жарысы енгізіліп, алты негізгі оқиғаның жаңа үлгісін құрады. Одан кейінгі 30 жылда Қысқы Олимпиада ойындары жоба параметрлерінің осы үлгісін сақтап келеді. 

Шотландияда пайда болған керлинг жұртшылыққа мұздағы «халықаралық шахмат» атауымен танымал. 1924 жылы керлинг бірінші Қысқы Олимпиада ойындарында өнер ретінде көрсетілді де, одан кейінгі Олимпиадада танылып жүрді. 1998 жылы Жапонияның Нагано қаласында өткен 18-інші қысқы Олимпиада ойындарында керлинг ресми нысан санатына енді. Бұл жоба сонымен ағымдағы Қысқы Олимпиада ойындарының жеті ірі оқиғасының ішінде ең соңғысы болып саналып келеді.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото