Алматы Қытайдың Шэньчжэнь қаласымен «<ақылды> қалалар» тәжірибесі бойынша ынтымақтаспақ

(Онлайн Халық Газеті)2021 жыл 30 желтоқсан

30 желтоқсан, онлайн «Халық Газеті» -- 29 желтоқсанда Қытайдың Шэньчжэнь қаласының мэрі Цин Вэйчжун Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаевпен бейнекөрсетілім арқылы кездесіп, ынтымақтастық пен тәжірибе алмасу мәселелерін талқылады.

Онлайн кездесу барысында Шэньчжэнь қаласының мэрі Цин Вэйчжун мен Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев пен екі қала арасындағы өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды. Ортақ мүдделер саласында – «ақылды» қалалар, АТ-технологиялар, энергетика, инфрақұрылым, мәдениет және өнер, экономика және сауда, білім, туризм бар. Тараптар тәжірибе алмасу және өзара тиімді ынтымақтастық туралы келісті.

Бақытжан Сағынтаевпен былай деді: «Алматы бизнес-модельдерін трансформациялауды, ақылды қала салуды, жоғары технологиялық өндірістерді, инновациялық және креативті индустрияларды дамытуды алға тартып, әлемдік деңгейдегі, жоғары сапалы мегаполис болуға ұмтылады. Бұл қол қою екі тарап арасындағы достықты одан әрі нығайтып, өзара тиімді ынтымақтастықты ілгерілету және ұтысқа жетуге қол жеткізу үшін жаңа бастама болады деп үміттенеміз».

Атаулы шараға Қазақстанның Қытайдағы Елшілігінің министр кеңесшісі Мұрат, Алматыдағы ҚХР бас консулы Цзян Вэй және Шэньчжэнь қалалық үкіметтің бас хатшысы Гао Шэнгюань қатысты.

Атап айтар болсақ, Заманауи Шэньчжэнь – Қытайдың инновациялық астанасы, онда Нобель сыйлығының лауреаттары, Тюринг сыйлығы және Филдс медалінің иелері басқаратын көптеген зертханалар құрылды. Мұнда Huawei, Tencent, ZTE және басқа да көптеген танымал компаниялар орналасқан іргелі зерттеу институттары мен инновациялық орталықтар жұмыс істейді. Шэньчжэнь қаласы ғылыми-техникалық инновациялар орталығы, өңірлік қаржы және сауда-логистикалық орталық ретінде қалыптасты. 

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото