Бейжіңде қанша «Қос Олимпиада алаңы» бар?

(Онлайн Халық Газеті)2021 жыл 30 желтоқсан

Құс ұясы

30 желтоқсан, онлайн «Халық Газеті» -- 2008 жылдың жазында «Құс ұясы» Ұлттық стадионында Олимпиада ойындарының ашылу және жабылу салтанаты өтті. Сонымен бірге ол жеңіл атлетика және футболдан жарыс алаңы болған еді.

Алдағы Бейжіңдегі қысқы Олимпиада ойындарының ашылу және жабылу салтанаты да осы «Құс ұясында» өтпекші.

Ұлттық стадион

2008 жылғы Бейжің Олимпиадасы кезінде Ұлттық стадионда гимнастика, батут және гандбол бойынша жарыстар өткізілді.

Қысқы Олимпиада ойындары кезінде Ұлттық стадионда негізінен ерлер арасындағы шайбалы хоккей ойындары өтеді.

Қайта өзгертілген Ұлттық стадионның мұз айдынында мәнерлеп сырғанау мен шорт-тректі де өткізуге болады.

Вукэсун стадионы

Вукэсун стадионы Бейжіңдегі жазғы Олимпиада ойындарының баскетбол алаңы болған еді. Ал Бейжің қысқы Олимпиада ойындары кезінде мұнда негізінен әйелдер шайбалы хоккей жарыстары өтеді.

Вукэсун стадионында ауыстыруға болатын шайбалы хоккей алаңдары бар. Бастапқы «30м×60м» мұз беті мен олимпиадалық стандартты «26м×60м» мұз бетін ауыстыруға болады. Ол шайбалы хоккей, шорт-трек конькимен жүгіру және мәнерлеп сырғанау сынды үш қысқы оқиғаны өткізу стандарттарына толады.

Ұлттық жүзу орталығы

Ұлттық жүзу орталығы 2008 жылғы Бейжіңдегі Жазғы Олимпиада ойындары кезінде «Су текшесі» ретінде белгілі болды. Сол кезде жүзу, суға секіру және синхронды жүзу сынды судағы жарыстар осында өткен.

2019 жылы бұл орталық су текшесін мұз текшесі етіп өзгертіп, әлемдегі алғашқы «су мен мұзды алмастырған» текшеге айналды.

Алдағы қысқы Олимпиада ойындары кезінде «Мұз текшесінде» керлинг жарысы өтетін болады. 

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото