Димаш Құдайберген жаһандық музыкалық эстафетаға қатысады

(Онлайн Халық Газеті)2021 жыл 31 желтоқсан
Димаш Құдайберген жаһандық музыкалық эстафетаға қатысады

Қазақстандық әнші Димаш Құдайберген әлемнің бірнеше елінің әншілерімен бірлесіп музыкалық сый әзірлеп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Ортақ болашақ үшін бірге». Бұл енді қысқы олимпиада және паралимпиада ойындарының ресми ұраны ғана емес, сонымен қоса музыкалық эстафета. Желтоқсанның басында әлемнің түкпір-түкпірінен адамдар алдағы Бейжің Олимпиадасында ән айтуымды сұрады. Соның нәтижесінде түрлі ел мен құрлықтан ондаған адамның даусын біріктірген музыкалық хит пайда болды. 2022 жылы 3 қаңтарда CGTN телеарнасының әлеуметтік желісінің эфирінде «Ортақ болашақ үшін бірге» атты әннің бейнебаяны таныстырылады», - деп жазды Димаш Құдайберген Instagram парақшасында.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото