- Барлық ақпарат
Бейжің қысқы Олимпиадасында қай оқиғалар алдымен басталады?
![]() |
31 желтоқсан, онлайн «Халық Газеті» -- 24-інші Бейжің қысқы Олимпиада ойындары 2022 жылы 4 ақпанында салтанатты түрде ашылып, 20 ақпанда шымылдығын жабатын болады. Кезекті қысқы Олимпиада ойындарында 2892 спортшы бақтарын сынайтын болады деп күтілуде.
4 ақпан күні Олимпиаданың ашылу салтанаты өтуден бұрын керлинг, шайбалы хоккей, мәнерлеп сырғанау, фристайл шаңғы сынды жарыстар алдымен жүріле береді. Олардың ішінде керлинг бірінші болып 2 ақпанда басталады да қысқы Олимпиада шымылдығын жапқанша жалғасады.
Шайбалы хоккей жарысы 3 ақпанда басталғаннан кейін жарыс қысқы Олимпиада аяқталғанша жалғасады.
4-інші жарыс күні алтын медальдар ең көп күн болмақшы. Ол күні шабандоздар 10 алтын медаль үшін бақ сынасады.
Әйелдер арасындағы 30 шақырымдық шаңғы жарысының топтық старт финалы қысқы Олимпиада шымылдығын жабатын күні түстен кейін өтеді, сондықтан ол ең соңында аяқталатын жарыс болып табылады.
people.cn © People's Daily Online