Си Цзиньпин Қазақстанның Тұңғыш Президенті Н.Назарбаевқа және Президент Қ.Тоқаевқа құттықтау жолдады

(Онлайн Халық Газеті)2022 жыл 4 қаңтар

4 қаңтар, онлайн «Халық Газеті» -- 2022 жылдың 3 қаңтарында Төраға Си Цзиньпин Қазақстанның Тұңғыш Президенті Н.Назарбаев пен Президент Қ.Тоқаевқа екі ел арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастардың орнағанына 30 жыл толуына орай құттықтау жолдады. Н.Назарбаевқа жолдаған құттықтауында Си Цзиньпин осыдан 30 жыл бұрын дипломатиялық қарым-қатынас орнатқаннан бері Қытай мен Қазақстан қарым-қатынасы заман ағымына ілесіп, жаңашылдық танытып, қарқынды дамуды сақтап, көршілес елдер арасындағы тату көршілік достық пен өзара тиімділіктің үлгі-өнегесіне айналғанын атап көрсетті. Тұңғыш Президент Н.Назарбаевтың Қытаймен достық саясатын табанды түрде жүргізіп, екіжақты қарым-қатынастарды дамытуға және «Бір белдеу, бір жол» бірлескен құрылысындағы ынтымақтастықты тереңдетуге зор үлес қосқанын айтты.

Си Цзиньпин Тұңғыш Президент Н.Назарбаевпен сыралғы дос екенін және Тұңғыш Президентпен қалыптасқан жақсы жұмыс қарым-қатынасы мен терең дербес достықты бағалайтынын баса айтты. «Мен Қытай-Қазақстан қарым-қатынасының дамуына үлкен мән беремін және екі ел мен екі ел халқының игілігі үшін Қытай мен Қазақстан арасындағы тұрақты және ұзақ мерзімді жан-жақты стратегиялық әріптестікті дамыту үшін тұңғыш Президент Н.Назарбаевпен бірге жұмыс істеуге дайынмын».

Қазақстан Президенті Қ.Тоқаевқа жолдаған құттықтауында Си Цзиньпин Қытай мен Қазақстан өзара тату көршілер және тұрақты жан-жақты стратегиялық әріптестер екенін атап өтті. Дипломатиялық қарым-қатынастар орнағаннан бергі 30 жыл ішінде екі ел арасындағы қарым-қатынастар жоғары деңгейде жұмыс істеп, өзара саяси сенім тереңдеп, барлық деңгейдегі алмасулар нығая түсті. «Бір белдеу, бір жолды» бірлесіп жүргізу ынтымақтастығы жемісті нәтижелерге қол жеткізіп, екі елдің халқына нақты пайда әкелді.

Си Цзиньпин Қытай Қазақстанның ұлттық жағдайына сай даму жолына түсуіне қолдау көрсетуді жалғастыратынын атап өтті. «Мен Қытай-Қазақстан қарым-қатынасының дамуына үлкен мән беремін. Президент Қ.Тоқаевпен бір ниетте болып, дипломатиялық қарым-қатынастардың орнағанына 30 жыл толуына орай Қытай мен Қазақстан арасындағы дәстүрлі достықты нығайтып, екі елдің стратегиялық байланысын тереңдетіп, Қытай мен Қазақстанның тұрақты жан-жақты стратегиялық серіктестігін екі ел мен екі ел халқының игілігі үшін жаңа деңгейге көтеруге дайынмын».

Н.Назарбаевтың Қытайдың Қазақстан тәуелсіздігін алғашқылардың бірі болып танығанын айтты. Екі тарап Қазақстан мен Қытай арасында өзара сенім мен өзара құрмет негізінде тұрақты және жан-жақты стратегиялық әріптестік орнатты. Қазақстан Қытаймен бірге екі ел арасындағы әртүрлі салалардағы ынтымақтастықты одан әрі дамытуға дайын.

Президент Қ.Тоқаев 30 жыл бұрын дипломатиялық қарым-қатынас орнатқаннан бері Қазақстан мен Қытай халықаралық қоғамдастыққа елдер арасындағы қарым-қатынастарды дамытудың үлгісін көрсетіп, Еуразиялық аймақтың тұрақтылығы мен өркендеуінің маңызды факторына айналғанын айтты. «Қос тарап тарихтан қалған шекара мәселесін түбегейлі шешіп, екі елдің ортақ шекарасын Қазақстан мен Қытай арасындағы достық пен бірлік көпіріне айналдырды. Мен Сізбет бір ниетте болып, Қазақстан-Қытай қарым-қатынастарын дамытуға аса күш салуға дайынмын».

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото