Шаңғымен секіру ойындарын қалай ажыратуға болады?

(Онлайн Халық Газеті)2022 жыл 4 қаңтар

4 қаңтар, онлайн «Халық Газеті» -- Бейжіңдегі қысқы Олимпиада ойындарындағы 109 шағын жарыстың ішінде адамды оңай адастыратыны - сноубордтан секіру, шаңғымен трамплиннен секіру, шаңғымен тұғырдан секіру және шаңғы қоссайысы. Онда бұл ойындардың қандай айырмашылығы бар?

Ең айқын айырмашылық – жарыс барысындағы көріністер. Сноубордтан секіру мен шаңғымен трамплиннен секіру қимыл-әрекет арқылы анықталады. Спортшылар старт алаңында тұрып, старт аймағындағы қар төбешіктен ұшып өтіп, сальто және қармау қимылдарын жасайды.

сноубордтан секіру

Шаңғымен тұғырдан секіру және шаңғы қоссайысы қашықтық пен спортшылардың кеңістіктегі әрекеті жағынан ажыратылады. Спортшы жарысты бастамас бұрын тірекке отырады. Старттан кейін спортшы секіру нүктесінен кеңістікке секіру үшін жоғары жинақталған ауырлық күш энергиясын пайдаланады. Спортшы мен борт қонар алдында белгілі бір қашықтыққа ұшады.

шаңғымен трамплиннен секіру

Сноубордпен секіру және шаңғымен трамплиннен секіру Бейжіңдегі қысқы Олимпиада ойындары кезінде Бейжіңнің Шицзиншань аумағындағы Шоуган шаңғымен секіру алаңында болады.

Бейжің қысқы Олимпиада ойындары кезінде Чжанцзякоу қаласы Чунли аумағындағы Ұлттық шаңғымен секіру орталығында шаңғымен тұғырдан секіру және шаңғы қоссайысы ойындары өтеді.

шаңғымен тұғырдан секіру

Шаңғы қоссайысы қысқы Олимпиада ойындарында тек ерлер арасындағы жарыстарда бар. Секіру бөлігі трамплиннен секірумен бірдей, тек секіруден сырт шаңғы жарысы да алып барылады.

шаңғы қоссайысы

Спортшылардың қай ойын түрін көрсететінін қалай ажыратуға болады? Сноубордпен секірушілер сноубордтарды киеді, оларды анықтау оңай; қалған 3 жарыстың бәрі де 2 сноубордтан киеді, бірақ олардың көлемі жағынан айырмашылығы бар. Шаңғымен трамплиннен секіретін спортшының сноубордтары қысқа және олардың көпшілігінде шаңғы таяқшасы болады. Шаңғымен тұғырдан секіру және шаңғы қоссайысы жарысының сноуборды өте ұзын, әдетте биіктігі ×1,45, шамамен 2,3 метрден 2,7 метрге дейін жетеді.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото