2022 жылғы Бейжің Қысқы Олимпиадасы мен Қысқы Паралимпиада ойындарының марапаттау элементтері жарияланды

(Онлайн Халық Газеті)2022 жыл 5 қаңтар

5 қаңтар, онлайн «Халық Газеті» -- 2022 жылғы Жаңа жыл қоңырауының үнімен Бейжіңдегі 2022 жылғы Қысқы Олимпиада және Паралимпиада ойындарының марапаттау элементтері ресми түрде жарияланды. Осы жолы шығарылған марапаттау элементтеріне марапаттау үстелі, медаль табағы, медаль табағын қою үстелі, марапатқа ие болған спортшыларға арналған бойтұмар кәдесыйлар, марапаттау гүл шоғы және марапаттау рәсімі костюмі кіреді.

Марапаттау үстелі -- подиум

Подиум Бейжің қысқы Олимпиадасының түстер жүйесіндегі «аспан көк» негізгі түс ретінде алынып, негізгі графика мен мұз-қар сызықтары қолданылды. Жалпы кескіні қарапайым және асқақ. Шкаф формасындағы подиум қайта өңделетін және экологиялық таза материалдардан жасалған. Ұяшық формасындағы подиум ішкі өзегі өз салмағын азайта отырып, жүк көтеру қабілетін арттырады. Үстел үсті мұз-қар ойындарының талаптарын қанағаттандыру үшін төмен температураға шыдамды және тайғанаудан сақтайтын жұмсақ төсенішпен жабдықталған.

Медаль табағын қою үстелі

Медаль табағын қою үстелін қызметкерлер медальдар мен кәдесыйлар салынған табақтарды қойып, сыйлықты тарту етуші қонақтарға ыңғайлы болу үшін қолданылады. Медаль табағын орналастыратын үстелдер екіге бөлінеді: үлкен үстел және шағын үстел, олар сәйкесінше көп адамдық және бір адамдық марапаттар үшін пайдаланылады.

Оның сыртқы көрінісіне қысқы Олимпиада мен Паралимпиада ойындарына қолданылатын «аспан көк» рең мен «Beijing 2022» мөрі қабылданды.

Медаль табағы

Пішіні ашық кітап бетіне ұқсайды, бұл Бейжіңдегі Қысқы Олимпиада ойындары арқылы әлемге Қытай мәдениеті мен әртүрлі елдер арасындағы достықтың жаңа тарауы ашылғанын білдіреді. табақтың жиегі көгілдір және ақ түсті градиентпен әшекейленген. Ол қытай мәдениеті мен әлемдік мәдениеттің ықпалдасуын бейнелейді және Қытайдың ашық, достық пейілін, бейбітшілік пен толерантты ақыл-ойын айқындайтын шығыстық эстетикалық концепцияны ұсынады.

Табақ экологиялық таза материалдардан жасалған, медальдар мен кәдесыйлардың сырғуынан сақтану үшін оның беті сырғымайтын силикон төсемімен жабдықталған.

Жеңіске жеткен спортшыларға арналған кәдесыйлар

Арнайы бойтұмар кәдесыйлар жалпы дизайны Бейжіңдегі 2022 жылғы Қысқы Олимпиада және Қысқы Паралимпиаданың бойтұмарлары Бинддун мен Сюеронронды прототип ретінде алып, қарағай, бамбук және қара өрік ағашынан тоқылып, гүл шоқтарымен әдіптелген. Бұл кәдесыйлар марапатқа ие болған спортшыларға берілетін болады.

Марапаттау гүл шоғы

Олимпиада ойындарының үнемді және тұрақты тұжырымдамасын қолдану үшін 2022 жылғы Бейжің Қысқы Олимпиадасы мен Қысқы Паралимпиада ойындарында марапат шоқтары ретінде қолдан тоқылған гүл шоқтары пайдаланылады. Олар медаль тапсыру рәсімінде жүлдегер спортшыларға медальдармен бірге беріледі.

Тоқылған гүл шоғы Олимпиаданың марапаттау рәсіміндегі гүл шоғының пішінін сақтап қана қоймай, сонымен қатар тұрақтылық ұстанымын жүзеге асырады. Ол жылулық пен үйлесімділікті білдіреді. Гүл шоғын мәңгі сақтауға болады, сондықтан ол «ешқашан сөнбейтін Олимпиада гүліне» айналады.

Қысқы Олимпиада ойындарының марапаттау гүл шоқтары достықты, табандылықты, бақытты, бірлікті, жеңісті және бейбітшілікті бейнелейтін раушан, айгүл, алқап лалагүлі, гортензия, лавр және зәйтүн сияқты әдемі 6 гүл түрін қамтиды.

Марапаттау рәсімінің костюмі

Бейжіңдегі қысқы Олимпиада ойындарының үш түрлі киім үлгісі бар.

Бірінші пары ойын кезінде барлық қар үсті ойындар стадиондарының марапаттау рәсімдерінде киіледі.

Екінші пары ойын кезінде барлық мұз стадиондарының марапаттау рәсімдерінде киіледі.

Үшінші пары ойын кезінде марапаттау алаңындағы марапаттау рәсімінде киіледі.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото