Қазақстанның бүкіл аумағында төтенше жағдай режимі енгізілді

(Онлайн Халық Газеті)2022 жыл 6 қаңтар

6 қаңтар, онлайн «Халық Газеті» -- Қазақстан ақпарат құралдарының хабарлауынша, Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлықтарымен Қазақстанның бүкіл аумағында төтенше жағдай режимі енгізілді.

5 қаңтар күні Қазақстанның ішінара өңірлерінде жаппай тәртіпсіздіктер мен шерулер толассыз жүріліп, билік органдарына шабуылға өту жағдайы басылмаған.

6 қаңтар күні Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтің көмек көрсету туралы өтініші бойынша қысқа мерзімге Қазақстанға бітімгершілік күштерін орналастыру туралы шешім қабылдағанын айтты.

Қытайдың Қазақстандағы Елшілігі мен консулдығы Қазақстандағы Қытай азаматтарын өздері орналасқан елдің заңдары мен ережелерін сақтауға, алдын алу туралы хабардарлығын арттыруға, қажетсіз сыртқа шығуды азайтуға және қауіпсіздікті жақсы қорғауға шақырады. 

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото