Халықаралық Олимпиада комитеті Бейжіңде қысқы Олимпиада ойындарын өткізуге жағдай мінсіз екенін айтты

(Онлайн Халық Газеті)2022 жыл 7 қаңтар

6 қаңтар, онлайн «Халық Газеті» -- Халықаралық Олимпиада комитеті 6 қаңтарда баспасөз мәлімдемесінде Бейжіңдегі қысқы Олимпиада ойындарының ашылуына небәрі төрт апта қалғанын хабарлады. ХОК қабылдаушы қаланың жағдайын «мінсіз» деп санайды.

Халықаралық Олимпиада комитетінің Олимпиада департаментінің атқарушы директоры Кристофер Дубби бастаған жұмыс тобы 5 қаңтарда Бейжіңге келді. Ол 6 қаңтарда БАҚ өкілдеріне арнаған бейнекөрсетілім сөзінде Бейжіңдегі қысқы Олимпиада ойындарының өте тыңғылықты жұмыс кезеңіне аяқ басқанын атап көрсетті. Бейжіңдегі қысқы Олимпиада ойындары сынақ матчын сәтті өткізіп, операциялық топ одан көп пайда көрді, соған сәйкес жұмыс жоспарына аздаған өзгерістер енгізді.

Ол видео баяндамасында: «Жарыс өтетін орындар дайын, олардың көрінісі керемет, сыртқы түрі Олимпиада ойындарын айқындап тұр. Шынымды айтсам, бәрі де мінсіз» деді.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото