Бейжіңдегі қысқы Олимпиада ойындарына тіркеу картасымен шекарадан қалай кіруге болады?

(Онлайн Халық Газеті)2022 жыл 7 қаңтар

7 қаңтар, онлайн «Халық Газеті» -- 2022 жылы 4 қаңтар күні таңертең T3-D қысқы Олимпиада ойындарының шекарадан кіру аймағы қысқы Олимпиаданың арнаулы куәлігі бар бірінші адамды қабылдады. Бейжіңнің кіріп-шығу шекаралық инспекциясы иммиграция басқармасының полициясы бұл адамға иммиграциядан өту жұмыстарын шапшаң жасап берді.

Бейжіңдегі қысқы Олимпиада ойындарының арнаулы куәлігі Халықаралық Олимпиада комитеті Олимпиаданы ұйымдастыру комитеті арқылы таратқан арнаулы картасы санатындағы құжат. Карточка – ұстаушысының Олимпиада ойындарында пайдаланатын құқықтарын және басқа да артықшылықтарын дәлелдейтін арнаулы куәлік; карта иесі қажет болған жағдайда картаны паспортпен немесе басқа да жарамды жол жүру құжаттарымен бірге пайдаланып, шекарадан кіруге құқықты.

2022 жылғы 4 қаңтар күні сағат 0:00-ден 2022 жылғы 13 сәуір күні сағат 24:00-ге дейін тиісті адамдарға көп мәрте шекарадан кіріп-шығуы және ел ішінде тұруы үшін Бейжіңдегі 2022 жылғы қысқы Олимпиада мен қысқы Паралимпиада ұйымдастыру комитеті берген жеке куәлік пен шекарадан кіріп-шығуға жарамды құжаттары болса жеткілікті. Оған арнаулы визалық құжаттар қажет емес.

Бейжіңдегі қысқы Олимпиада ойындарының үш негізгі жарыс аймағына баратын шетелдік азаматтардың шекарадан кіріп-шығуының арнайы жолы ретінде терминал T3-D қысқы Олимпиада ойындарының кіру аймағында «Қысқы Олимпиаданың негізгі арнасын» ашты.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото