Бейжіңдегі қысқы Олимпиада ойындарының алғашқы алтын медалі қай жобада беріледі?

(Онлайн Халық Газеті)2022 жыл 7 қаңтар

7 қаңтар, онлайн «Халық Газеті» -- Қар жобасының негізгі тармағы ретінде шаңғы жарысы «қардағы атлетика» деп де аталады. Айтылмыш жобаға Бейжіңдегі қысқы Олимпиада ойындары кезінде 12 алтын медаль бөлінген. Бейжіңдегі Қысқы Олимпиада ойындары кестесінің соңғы нұсқасына сәйкес, бірінші және соңғы алтын медальдар шаңғы жарысына беріледі. Бұл шаңғы жарысының қысқы Олимпиада сахнасындағы орны ерекше екенін көрсетеді.

Бейжің қысқы Олимпиадасының шаңғы жарысында жалпы 12 шағын жарыс өтеді: 6 ерлер және 6 әйелдер жарысы. Осы жолғы қысқы Олимпиада ойындарында шаңғы жарысы үшін жалпы 296 орын бар. Ер-әйелдер саны жеке алғанда 148-ден топтасқан. Әрбір команда ең көбі 8 әйел, 8 ерден, жалпы 16 спортшы жібере алады.

Шаңғымен сырғанау кезінде екі шаңғы техникасы сақталады: еркін техника және дәстүрлі техника. Халықаралық қар федерациясы әрбір жарыс кезінде қандай технология қолданылатынын бекітеді (әр қысқы Олимпиада әртүрлі болуы мүмкін) және бұл екі технология да эстафеталық жарыстарда сөзсіз қолданылуы тиіс.

Шаңғы жарысының 12 шағын түрінен басқа, шаңғы жарысы да шаңғы қоссайысы мен биатлон жарыстарының маңызды бөлігі болып табылады.

Шаңғы жарысы Солтүстік Еуропадан шыққан және ол 1924 жылы алғашқы қысқы Олимпиада ойындарына енген болатын. Ұзақ уақыттан бері Норвегия қысқы Олимпиада ойындарында шаңғы жарысының серкесі болып келді. Алайда Швеция, Финляндия, Швейцария, АҚШ, Ресей, Италия сияқты Еуропа мен Америка елдерінің шаңғы жарысының әлеуеті де қалыса қоймайды.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото