Төраға Си Цзиньпиннің қысқы Олимпиада ойындарына дайындықты тексеруі халықаралық қауымдастыққа үш маңызды ақпар берді

(Онлайн Халық Газеті)2022 жыл 10 қаңтар

10 қаңтар, онлайн «Халық Газеті» -- Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Ван Вэньбин 6 қаңтардағы кезекті баспасөз мәслихатында: «Төраға Си Цзиньпин жаңа жылдан кейінгі бірінші жұмыс күні қысқы Олимпиада мен қысқы Паралимпиада ойындарына дайындықты тағы бір рет тексеріп, Қытайдың қысқы Олимпиада ойындарының әзірлік жұмыстарына баса көңіл бөлетінін әйгілеп, халықаралық қоғамдастыққа Қытайдың уәдеге беріктігін қамтыған үш маңызды ақпар берді», - деді.

Біріншіден, «Қытайдың уәдеге беріктігі». Ол былай деді: ҚХР Төрағасы Си Цзиньпин Бейжіңдегі қысқы Олимпиада мен Паралимпиада ойындарын сәтті өткізу – біздің халықаралық қауымдастық алдындағы салтанатты міндетіміз екенін баса айтты. Қысқы Олимпиада ойындарын өткізуге рұқсат алғаннан бергі 6 жылдан астам уақытта Қытай өзінің күш-жігерін мұз және қар спортын "оңтүстікке, батысқа және шығысқа қарай ілгерілетуге" бағыттады. Қар-мұз ойындарына қатысушылардың саны көбейіп, 300 миллион адамды қар-мұз спортына қатыстыру мақсаты орындалды. Олимпиада ойындарын өткізуге арналған біздің «жасыл, ортақ, ашық және таза» тұжырымдамамыз алаң құрылысының дайындығы, іс-шараларды ұйымдастыру және іс-шараларды өткізуге қызмет көрсету тұрғысынан жақсы жүзеге асырылды.

Екіншіден, «Қытай дайындықты аяқтады». Ван Вэнбиннің айтуынша, бірнеше жылдық еңбектен кейін барлық дайындық жұмыстары негізінен атқарылып болды. Іс-шараны ұйымдастыру тұрғысынан алғанда, «Бейжіңде кездесу» сынақ жарыстары сериясы сәтті аяқталды. Бейжің, Янцин және Чжанцзякоу үш ірі жарыс аймағындағы 12 жарыс алаңы дайын болып, Халықаралық қысқы жеке спорт ұйымының сертификаттауынан өтіп, толық пайдалануға берілді. Қызмет көрсету бойынша Қысқы Олимпиада қалашығы, волонтерлер, медиа орталық, медициналық көмек және келісім-шарт бойынша қонақ үйлерді қамтитын қызметтерге кепілдік беру жүйесі толығымен құрылды.

Үшіншіден, «Қытайдың індет жағдайында Олимпиада ойындарын қауіпсіз өткізуге деген сенімі». Ол Халықаралық Олимпиада комитеті, Халықаралық Паралимпиада комитеті және Бейжіңдегі Қысқы Олимпиаданы ұйымдастыру комитеті «Эпидемияның алдын алу жөніндегі нұсқаулықтың» екі басылымын шығарғанын айтты. «Эпидемияның алдын алу жөніндегі нұсқаулық» талаптарына сәйкес Қытай аймақтарға бөлу мен жіктеудің «қос тұйық циклді» басқару процесін оңтайландырып, әртүрлі алдын алу және күресу шараларын қатаң түрде жүзеге асыруда. Қытай ғылыми және нақтыланған алдын алу және бақылау шаралары арқылы індетке тосқауыл қою үшін бар күш-жігерін жұмсайды және Бейжіңдегі қысқы Олимпиада мен Паралимпиадаға қатысатын барлық қызметкерлердің денсаулығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.

ХОК президенті Бах жақында өзінің жаңа жылдық сөйлеген сөзінде Бейжіңдегі қысқы Олимпиада ойындарының толық табысқа жетуін асыға күтетінін және қысқы Олимпиаданың қауіпсіз өтетініне сенімді екенін жеткізді. Польша шаңғы қауымдастығының төрағасы Тажна жақында Қытайдың эпидемияға қарсы қатаң шараларды жүзеге асыруы дұрыс шешім екенін және Бейжіңдегі қысқы Олимпиада ойындары кезінде өзін қауіпсіз сезінетінін айтты. «Бұл Бейжіңдегі қысқы Олимпиада мен Қысқы Паралимпиада ойындарын асыға күтетін халықаралық қауымдастықтың ортақ ынтымақтастығын, сонымен қатар халықаралық қауымдастықтың Қытайдың Олимпиаданы қауіпсіз өткізуіне деген сенімін көрсетеді», - деді Ван Вэньбин.

«4 ақпанда <Құс ұясында> Олимпиада алауы тағы да бір рет жағылады. Біз жақсы қабылдаушы боламыз және әр ел қатысушыларына көктемнің жылуын сездіріп, әлемге бірлік, сенімділік пен күш-қуат сыйлау үшін тамаша, ерекше және көрнекті Олимпиадалық оқиғаны барша әлемге арнайтын боламыз», - деді ол.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото