Си Цзиньпин Қазақстан Президенті Қ.Тоқаевқа ауызша сәлем жолдады

(Онлайн Халық Газеті)2022 жыл 10 қаңтар

9 қаңтар, онлайн «Халық Газеті» -- 2022 жылдың 7 қаңтарында ҚХР Төрағасы Си Цзиньпин Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевқа ауызша сәлем жолдады.

Си Цзиньпин өзінің сәлемінде соңғы кездері Қазақстанда ауқымды тәртіпсіздіктің орын алып, көптеген адам және материалдық шығынға ұшырағанына байланысты шын жүректен көңіл айтатынын білдірді. «Сіз сын сәттерде пәрменді шаралар қабылдап, жағдайды тез арада реттеп, саяси қайраткер ретінде жауапкершілігіңізді, Мемлекет пен халық алдындағы берік ұстанымыңызды әйгіледіңіз».

Си Цзиньпин Қытай Қазақстанның тұрақтылығына нұқсан келтіретін және қауіпсіздігіне қатер төндіретін, қазақ халқының бейбіт өмірін ойрандайтын кез келген күштерге табанды түрде қарсы тұратынын, Қазақстанда әдейі дүрбелең тудырып, «түсті революция»-ны жоспарламақ болған сыртқы күштерге, қытай-қазақ достығына және екі ел арасындағы ынтымақтастыққа кедергі келтіру әрекеттеріне қатаң түрде қарсы тұратынын баса айтты. Бауырлас көрші және тұрақты жан-жақты стратегиялық серіктес ретінде Қытай қиындықтарды жеңуге көмектесу үшін Қазақстанға қажетті қолдау көрсетуге дайын. Ел өмірінде орын алған тәуекелдер мен қиындықтарға қарамастан, Қытай Қазақстанның сенімді досы және сенімді серіктесі болып табылады және қытай халқы әрқашан қазақ халқымен бірге болады.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото