Неліктен қара бұрыш және хош иісті бұрыш қысқы Олимпиаданың рецепт мәзірінен алынып тасталды?

(Онлайн Халық Газеті)2022 жыл 11 қаңтар
Неліктен қара бұрыш және хош иісті бұрыш қысқы Олимпиаданың рецепт мәзірінен алынып тасталды?

11 қаңтар, онлайн «Халық Газеті» -- 2022 жылғы Бейжің қысқы Олимпиадасы кезінде спортшыларға арнап 678 түрлі тағам әзірленді. Бұл дәмді тағамдарды дайындау өте талғампаз, тіпті қатаң стандарттарға сәйкес келеді. Айтылмыш тағамдарға қара бұрыш, хош иісті бұрыш, лавр жапырақтары сияқты 50-ден астам жиі қолданылатын дәмдеуіштерді қосуға болмайды.

Себебі, жоғарыда аталған дәмдеуіштердің барлығы тағамдық үдеткіштер болып табылады және бұл дәмдеуіштерден үдеткіштер тізіміне жататын сульфаметоксинді анықтауға болады.

Химиялық құрылымы мен қасиеттері бойынша тағамдық үдеткіштер негізінен төрт категорияға бөлінеді, атап айтқанда глюкокортикоидтар, стероидтар, зеаратол және β2-агонистерлар. Қара бұрыш және хош иісті бұрыш сияқты дәмдеуіштерден сульфаметоксинді анықтауға болады, олар үдеткіштер тізіміндегі β2-рецепторлардың агонистері санатында және оны Олимпиада тағамдарына қолдануға қатаң тыйым салған.

Ондай болса біз сияқты қарапайым адамдар күнделікті қара бұрыш және хош иісті бұрышты пайдаланса денсаулыққа әсері барма?

Сарапшылардың пікірінше, тағамның құрамындағы үдеткіштер екі санатқа бөлінеді: тағамда табиғи түрде болатын эндогендік үдеткіштер және жасанды түрде қосылған экзогендік үдеткіштер. Олардың ішінде табиғи түрде тағамдық үдеткіштері бар тағамдардың ішінде үдеткіштің құрамы төмен болады, сондықтан қарапайым адамдар оларды күнделікті пайдаланғанда ағзаға зиян келтірмейді, алаңсыз пайдалана беруге болады.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото