Шыңжаң әуежай құрылысын жеделдетуде

(Онлайн Халық Газеті)2022 жыл 12 қаңтар
Шыңжаң әуежай құрылысын жеделдетуде

12 қаңтар, онлайн «Халық Газеті» -- 2021 жылы Шыңжаң әуежай құрылысын жеделдетті. Қазір Шыңжаңда 22 әуежай жұмыс істеп тұр, бұл елдің барлық өлкелері, автономиялық региондары мен төте қарасты қалалары бойынша бірінші орынды иелейді.

2021 жылы 26 желтоқсан күні бір жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан Керия Ванфан әуежайы 107 200 жолаушыларды қабылдап, 54,17 тонна жүк және пошта жіберімділерін тасымалдады.

2021 жылы 29 желтоқсан күні Іле Қазақ автономиялық обылысының Моңғолкүре Тұлпар мекені әуежайы тексеруден өтті. Бұл әуежай жақын арада Шыңжаңның 23-ші әуежайы әрі Шыңжаңдағы алғашқы үстірт әуежайының іске қосылғанын білдірді.

Ташқорған Хунжераб әуежайы 2022 жылдың мамыр айында ресми түрде пайдалануға беріледі деп жоспарланған, ол іске қосылса Қытайдағы ең батыстағы әуежай болып саналатын болады және бұрын Қытайдың ең батысындағы әуежай санатындағы Қашқар халықаралық әуежайының орнын басады.

«14-бесжылдық» жоспар (2021-2025 жылдар аралығы) кезеңінде Шыңжаң әуежай құрылысын одан әрі жеделдетеді. Салынған және салынып жатқан әуежайдың саны 15, ол азаматтық көлік әуежайының жалпы санын 37-ге жеткізеді. 

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото