Тау шаңғысы – «Қысқы Олимпиада ойындарының көркі»

(Онлайн Халық Газеті)2022 жыл 12 қаңтар

12 қаңтар, онлайн «Халық Газеті» -- Тау шаңғысы – қар үстіндегі ең күрделі және ұйымдастырылуы қиын спорт түрлерінің бірі болып табылады. Ойын барсындағы көрінісі де тамаша. Сондықтан оны «Қысқы Олимпиада ойындарының көркі» деп те атайды.

2022 жылғы Бейжің қысқы Олимпиадасының тау шаңғысы жарысы Янцин жарыс аумағындағы Ұлттық тау шаңғысы орталығында өтеді және бұл жарыс жобасына жалпы 11 алтын медаль беріледі. Бұл жоба ерлер мен әйелдерге айырым шапшаң түсу, өте үлкен слалом, алып слалом, слалом және көпсайыс бойынша бес кіші жарысқа бөлінеді. Ал оның ерлер мен әйелдер аралас топтық жарысы жоқ.

Ұлттық тау шаңғы орталығында 7 қар жолы бар. Қар жолдарының кедергілері үлкен, парықтары жоғары, жасау қиындығы мол болады. Олардың ішінде шапшаң түсу жарысы өтетін орынның тік биіктік айырмашылығы әдетте ерлер үшін 800 метрден, әйелдер үшін 450 метрден асады. Слалом, алып слалом және өте үлкен слалом өтетін орындардың арасындағы биіктік айырмашылығы 140 метрден 650 метрге дейін жетеді.

Тау шаңғысы орындарының ортасында жалау қақпалары бар, жобаға байланысты жалау қақпаларын орнатуда да айырмашылықтар болады.

Жарыс жолдарының қар сапасы мұзды қар болу керек. Ол әдеттегі қар алаңындағы қар жолдарынан парықты болады, бұл қар жолының қары мұзға жақын және қаттылығы өте жоғары болуы керек. Оның жасалуына келсек алдымен жолдарды сумен толтырып, су қатқаннан кейін бетін тазалап жылтыр қар жолын әзірлейді.

Спортшылар жылдамдықты арттыру және сырғанау кезінде тепе-теңдікті бақылау үшін шаңғы таяқтарын пайдалана алады. әртүрлі кішкене спорт түрлерінде қолданылатын шаңғы таяқтары парықты. Слалом жобасы әдетте жалау қақпасына соғлуға оңтайлы болу үшін түзу сырықты пайдаланады; шапшаң түсу жобасы желдің кедергісін азайту үшін адам денесінің иілгеніне сәйкес келетін қисық шаңғы таяғын қолданады.

FIS веб-сайтының хабарлауынша, қытайлық спортшылар Бейжіңдегі қысқы Олимпиада ойындарында тау шаңғысының барлық 11 жарысына қатысуға жолдама алды. Бейжіңдегі бұл жоба Қытайдың қысқы Олимпиада ойындарына қатысу тарихындағы алғашқы толық жоба бойынша қатысуға қол жеткізеді деп күтілуде. 

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото