Қазақстанның 3 өңірінде төтенше жағдай режимі алынып тасталмақ

(Онлайн Халық Газеті)2022 жыл 13 қаңтар

Солтүстік Қазақстан, Батыс Қазақстан, Павлодар облыстарында төтенше жағдай режимі аяқталады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев арнайы жарлықтарға қол қойды. «Солтүстік Қазақстан облысында төтенше жағдайды енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 5 қаңтардағы № 745 Жарлығымен енгізілген Солтүстік Қазақстан облысының шекараларындағы төтенше жағдайдың күші 2022 жылғы 13 қаңтар 07 сағат 00 минуттан бастап жойылсын» делінген хабарламада.

Еске сала кетейік, бұған дейін Батыс Қазақстан және Павлодар облыстарында төтенше жағдай алынып тасталған болатын.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото