Алтайлық 13 жасар қыздың табиғи шаңғы алаңы

(Онлайн Халық Газеті)2022 жыл 13 қаңтар

13 қаңтар, онлайн «Халық Газеті» -- Иньхуа Қытайдың солтүстік-батысындағы көрікті Шыңжаңның Алтай аймағы Қом ауылының тумасы. Ол биыл 13 жаста.

Шыңжаңның Алтай аймағы «адамзат шаңғы тебуінің бастауы» деген аты бар. Осы асқар Алтайдың қойнауында талай бала тері шаңғы теуіп арман қуған. Солардың бірі Иньхуа. Ол тұрған Туа ұлты жиі қоныстанған Қом ауылы тері шаңғыны басты қатынас құралы етеді. Кішкентайынан шаңғы теуіп өскен Иньхуа үлкен аренаға шығуды армандаушы еді, бірақ түрлі себептермен Үрімжінің шаңғы командасына кіре алмай қалды.

Бапкері мен әріптестері болмағандықтан Иньхуаның шаңғымен сырғанау арманы бір адамның «шайқасына» ұқсайды. Ол дене сапасын арттыру үшін қыстың минус 30 градус аязында да таңғы жаттығуға шықса, әрекеттерін түзету үшін күнде кеште шаңғымен сырғанау туралы онлайн бейнелерді көріп, бірнеше жаңа әрекеттерді үйренді. Жарысқа қатыса алмаса да, ол асқар тауды өзінің жарыс орны етіп, құрбы жігіттермен жарыса алатын әлеуетке жетті.

Арман жолы сәтті бола бермейді ғой. Оның да сансыз сынағы бар. Әкесі мен нағашы ағасының көмегінде осындай сынақтардан сүрінбей өткен ол сонау мың жығылған тау қойнауында үміттің атын қамшылап арман қуып келеді.

Бұл қыздың қайсар рухы әлем чемпиондарын таңғалдырды. Олар «Иньхуаның бойынан өзімді, Қытай шаңғысының болашағын көргендей болдым» деп тебіренді. Әуеде шаңғымен сырғанау фристайлдың әлем чемпионы Ли Нина өзінің Иньхуаның жаттықтырушысы болғысы келетінін білдірді. Ал Қытайдың шаңғы спортынан тұңғыш әлем чемпионы Гуо Дандань «бұл Қытай спортының болашағы» деп оны жоғары бағалады. 

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото