Сноубординг – «қысқы серфинг»

(Онлайн Халық Газеті)2022 жыл 13 қаңтар

13 қаңтар, онлайн «Халық Газеті» -- Сноубординг – 1960 жылдары Америка Құрама Штаттарында пайда болған. Ол қысқы Олимпиада ойындарының шаңғы жарыстарының ішіндегі ең жасы. Оның пайда болу себебі серфингпен байланысты болғандықтан, оны «қысқы серфинг» деп те атайды.

1965 жылы американдық Шерман Поппин теңіздегі серфинг тақтасына еліктеп, екі аяқты бір тақтайға қойып сырғанайтын шаңғымен сырғанаудың жаңа әдісін ашып, бірінші сноубордтты жасады.

1983 жылы Америка Құрама Штаттарында алғашқы халықаралық сноуборд жарысы өтті. Бұл сноубордтың жеке жарыс болып қалыптасқандығын білдіреді.

1998 жылы Жапонияның Нагано қаласында өткен 18-ші Қысқы Олимпиада ойындарында сноуборд алғаш рет ресми жарыс ретінде тіркелді.

2019 жылдың шілде айында Халықаралық Олимпиада комитеті сноуборд-кросс бойынша аралас командалық жарысты Бейжіңдегі 2022 жылғы Қысқы Олимпиада ойындарының ресми жарыс тізіміне қосты.

Бейжіңдегі Қысқы Олимпиада ойындарында ерлер/әйелдер арасындағы слоупстайл, хафпайп, сноуборд-кросс, биг-эйр, параллель алып слалом және сноубордкросс аралас командалар бойынша жарыстар өткізіледі. Бұл жарыстарға жалпы 11 алтын медаль беріледі.

Үлкен платформа жобасы Шоуган саябағында өтетін болады, ал қалған жобалар Чжанцзякоу Юндин шаңғы алаңында өтеді. 

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото