Sam's Club-тың Шыңжаң өнімдерін алып тастауы туралы Шыңжаң үкіметі: Бұл компанияларға қытайлық тұтынушылардың патриоттық ынтасын төмен санамауға кеңес беріңіз

(Онлайн Халық Газеті)2022 жыл 17 қаңтар

17 қаңтар, онлайн «Халық Газеті» -- 13 қаңтар Шыңжаңға қатысты мәселелерге арналған баспасөз мәслихатында АҚШ-тағы Уолмарт-қа қарасты Sam's Club компаниясының жақында Шыңжаң өнімдерін алып тастауына жауап ретінде, баспасөз хатшысы кейбір компаниялардың қытайлық тұтынушылар арқылы табыс тауып жатқанын атап көрсетті. «Қытай өнімдерін сөрелерден алып тастау нарық тәртібіне қайшы келеді және этикалық стандарттарға сәйкес келмейді, Қытай тұтынушылары сөзсіз қатты қарсылық көрсетеді.»

Шыңжаң Ұйғыр автономиялық регионы халық үкіметінің баспасөз хатшысы Сюй Гуйсян: «Біз бұл компанияларға қытайлық тұтынушылардың патриоттық ынтасын және заңға сәйкес өздерінің заңды құқықтары мен мүдделерін қорғау мүмкіндігін, жасырын саяси айла-шарғы жасаудың әкелетін зиянды салдарын төмен санамауға кеңес береміз. Қытайда бизнес жасағандықтан, сіз Қытай заңдарын орындауыңыз керек, қытайлық тұтынушылардың сүйіспеншілігін құрметтіңіз және АҚШ-тағы саясаткерлермен тіл табыспаңыз. Олай болмаса, ұятқа қалдыру былай тұрсын, өсек-аяң таратып, жала жабу заңды жауапкершілігіне дейін тартылуға әкеледі. Тиісті шетелдік компанияларға ескертеміз, Шыңжаңда мәжбүрлі еңбек болған жоқ, Шыңжаңдағы барлық ұлт өкілдері еңбекқор адамдар болып табылады, ал Шыңжаңда шығарылатын өнімдерінің сапасы да тамаша. Мен бұл компанияларға өз мүдделерін қарастыруға және АҚШ-тың беті үшін етінен ет кеспеуге кеңес беремін.»

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото