Премьер-министр Ли Кэцян Қазақстанның жаңадан тағайындалған Премьер-Министрі Ә.Смайыловқа құттықтау телеграммасын жолдады

(Онлайн Халық Газеті)2022 жыл 17 қаңтар

17 қаңтар, онлайн «Халық Газеті» -- 14 қаңтарда ҚХР Мемлекеттік кеңесінің премьер-министрі Ли Кэцян Әлихан Смайыловқа телефон соғып, оны Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі болып тағайындалуымен құттықтады.

Премьер-министр Ли Кэцян құттықтауында Қытай Қазақстанның ұлттық қауіпсіздікті, әлеуметтік тұрақтылық пен халықтың әл-ауқатын сақтаудағы ерен еңбектерін қолдайтынын айтты. Президент Қ.Тоқаев пен Сіздің үкіметіңіздің басшылығымен Қазақстан тарапы тұрақтылық пен бірлікті тез арада қалпына келтіріп, белгіленген даму мақсаттарына қарай ілгерілейді деп сенемін,- деді.

Премьер-министр Ли Кэцян Қытай мен Қазақстан арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастардың орнағанына 30 жыл болғаннан бері екі ел арасындағы қарым-қатынас әрдайым жоғары деңгейде болғанын атап көрсетті. Қытай тарапы Қазақстан тарапымен бірге екі мемлекет басшылары қол жеткізген консенсусты жүзеге асыруға, іс жүзіндегі ынтымақтастықты тереңдетуді жалғастыруға және Қытай мен Қазақстан арасындағы тұрақты әрі жан-жақты стратегиялық әріптестікті жаңа деңгейге көтеріп, екі ел мен екі ел халқын игілікке жеткізуге дайын екенін айтты.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото