Керлинг - «Мұздағы халқаралық шахмат»

(Онлайн Халық Газеті)2022 жыл 17 қаңтар

17 қаңтар, онлайн «Халық Газеті» -- «Мұздағы шахмат» деп аталатын керлинг қатысушылардың физикалық және психикалық күшін сынайды.

Керлинг сонау 16 ғасырда Шотландияда пайда болды. Ол 1924 жылы бірінші Қысқы Олимпиада ойындарында өнер ретінде көрсетілсе де, 1998 жылғы Нагано қысқы Олимпиадасына келгенде ғана оның ресми ойындар тізіміне енген.

Лақтырушы мұзға жүрелеп сырғанайды да, атудың бағытын бақылау үшін тас қазанды ақырын айналдырады. Бағыт пен жылдамдықты меңгеру үшін екі командалас тас қазаннан бұрын арнаулы сүрткішпен мұздың бетін ысқылайды. Керлинг лақтыру процесінде шеберлік пен стратегияға, соның ішінде стратегияға, бөліктерге, жер иелеу танымы және геометрияға назар аударылады.

Бейжіңдегі қысқы Олимпиада ойындарының керлинг жобасында: ерлер 4 адам, әйелдер 4 адам және аралас құрамадан екі адам бар.

Бейжің қысқы Олимпиасында керлинг ойындары «Мұз текшесінде» (Ұлттық су спорты орталығы) өтеді.

Жарыс кестесі: 2 ақпаннан 20 ақпанға дейін. Ол Бейжіңдегі қысқы Олимпиада ойындарындағы жарыс уақыты ең ұзақ әрі жарыс саны ең көп нысан болып табылады. 

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото