Неліктен қысқы Олимпиада ойындарының шайбалы хоккей залында стоматологиялық емхана бар?

(Онлайн Халық Газеті)2022 жыл 17 қаңтар

17 қаңтар, онлайн «Халық Газеті» -- Шайбалы хоккей - қысқы Олимпиада ойындарындағы ең қызықты жарыстарының бірі. Ойын барысында қатты резеңке материалынан әзірленген шайбалы хоккей сағатына 180 шақырымнан жоғары жылдамдықпен ұшса, ал спортшылар сағатына 50 шақырымнан астам жылдамдықпен сырғанай алады. Сондықтан спортшылар қорғаныс құралдарын киіп сырғанайды. Сырғанау барысында ауыз бен тіс ең оңай жараланатын ағзалар болып табылады. Жарақаттанудан сақтану үшін Бейжіңдегі қысқы Олимпиада ойындарының 12 жарыс алаңының ішінде тек шайбалы хоккей жарысы өтетін жерде тіс дәрігерінің бөлмесі бар.

Халықаралық шайбалы хоккей федерациясының 2021-2022 жылдарға арналған ресми шайбалы хоккей ережелеріне сәйкес, әйел спортшылар мен 18 жасқа толмаған жасөспірім спортшылар беттеріне қалқандары бар дулыға киюі керек; ересек ер спортшылар үшін ережеде дулыға қалқандарының үш түрі көрсетілген.

Кәсіби спортшылар көз аясы кең әрі жарыс жолын анық болжай алуы үшін аузы ашық тұратын жартылай дулығаны таңдайды.

Бұл дулығалар көбінесе жоғары дәрежелі жарыстардың шайбалы хоккей алаңдарында тіс дәрігерінің қажеттігіне себепкер болады.

Вукэсун спорт орталығы 2022 жылы Бейжіңдегі қысқы Олимпиада ойындары өтетін шайбалы хоккей алаңдарының бірі. Шайбалы хоккей алаңынан небәрі 35 метр жерде Олимпиадалық медициналық көмек қызметінің бір бөлегі болған арнайы жобаланған стоматологиялық емханасы бар. 

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото