Си Цзиньпиннің «Ел басқару жөнінде» атты кітабының үшінші томы бес этникалық азшылық халықтар тілінде басылды

(Онлайн Халық Газеті)2022 жыл 18 қаңтар
Си Цзиньпиннің «Ел басқару жөнінде» атты кітабының үшінші томы бес этникалық азшылық халықтар тілінде басылды

18 қаңтар, онлайн «Халық Газеті» -- Монғол, тибет, ұйғыр, қазақ және кәріс сынды бес этникалық азшылық халықтар тіліне аударылған ҚХР төрағасы Си Цзиньпиннің «Ел басқару жөнінде» атты кітабының үшінші томы жақында «Ұлттар баспасынан» басылып шығып, бүкіл ел көлеміне таратылды.

Си Цзиньпиннің «Ел басқару жөнінде» атты кітабының үшінші томын Қытай Коммунистік партиясы Орталық Комитетінің үгіт-насихат бөлімі (Мемлекеттік кеңестің ақпарат кеңсесі) Орталық партия тарихы мен хұжаттарды зерттеу институты мен Қытайдың шетел тіл баспасымен бірлесіп шығарды. Оған Бас хатшы Си Цзиньпиннің 2017 жылы 18 қазаннан 2020 жылы 13 қаңтарға дейінгі 92 баяндамасы, сөздері, келіссөздері, сөйлеген сөздері, бекітулері, нұсқауларлары, жолданған құттықтау хаттары енген. Кітапқа Бас хатшы Си Цзиньпиннің осы кезеңдегі 41 суреті де енгізілген.

Этникалық аймақтардағы кадрлар мен бұқараға түпнұсқа шығармаларды оқуға, түпнұсқа мәтіндерді үйренуге және қағидаларды түсінуге көмектесу, Си Цзиньпин жаңа дәуір Қытай үлгісіндегі социализм идеясымен олардың ақыл-ойын қаруландыру және осы жолдағы тәжірибелеріне басшылық ету үшін, Қытай Коммунистік партиясы Орталық Комитетінің үгіт-насихат бөлімі мен Ұлттық Этникалық істер жөніндегі мемлекеттік комиссия Қытай ұлттар тіл-жазу аударма орталығы мен Ұлттар баспасын ұйымдастырып, этникалық азшылық тіл-жазуының отандық бірінші дәрежелі мамандар тобын құрып, Си Цзиньпиннің «Ел басқару жөнінде» атты кітабінің үшінші томын этникалық азшылық халықтар тіліне аудару мен баспадан шығару қызметін аяқтатты. 

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото