- Барлық ақпарат
Еліміз 147 ел және 32 халықаралық ұйыммен «Бір белдеу, бір жол» бастамасы бойынша 200-ден астам ынтымақтастық құжатына қол қойды
19 қаңтар, онлайн «Халық Газеті» -- Ұлттық даму және реформа комиссиясының баспасөз хатшысы Цзинь Сяньдун 18 қаңтарда: «Еліміз осы уақытқа дейін 147 ел және 32 халықаралық ұйыммен <Бір белдеу, бір жолды> бірлесіп құру үшін 200-ден астам ынтымақтастық құжатына қол қойды», - деп жариялады.
Цзинь Сяньдун сол күні өткен баспасөз мәслихатында «Бір белдеу, бір жолды» бірлесе салу жолындағы достық шеңберінің кеңейе беретінін айтты. 2021 жылдың желтоқсан айынан бастап еліміз Сан-Томе және Принсипи, Куба, Марокко, Никарагуа және Сириямен «Бір белдеу, бір жол» бірлескен құрылысы бойынша ынтымақтастық құжаттарына, Ұлттық даму және реформа комиссиясы мен Лаостың Жоспарлау және инвестиция министрлігі «Бір белдеу, бір жол» ынтымақтастығын бірлестіру үшін үйлестіру механизмін құру туралы өзара түсіністік меморандумына қол қойды.
Цзинь Сяньдун сондай-ақ Қытай-Еуропа жүк пойыздары жұмысын жоғары деңгейде жалғастыратынын мәлімдеді. 2021 жылдың желтоқсан айының соңындағы ақпарат бойынша Қытай-Еуропа жүк пойыздары қатарынан 20 ай ішінде ай сайын 1000-нан астам пойызды жөнелтті. 2021 жыл бойы Қытай-Еуропа қатынасында барлығы 15 183 пойыз жұмыс істеп, 1,464 миллион TEU тасымалданды. Бұл өткен жылмен салыстырғанда сәйкесінше 22% және 29% өсті, әмбебап ауыр контейнерлік мөлшерлеме 98,1% құрады.
people.cn © People's Daily Online