«Біз ІЖӨ-нің АҚШ-тан озғанынан гөрі Қытай халқының жақсы өмір сүргенін жоғары бағалаймыз»

(Онлайн Халық Газеті)2022 жыл 19 қаңтар

19 қаңтар, онлайн «Халық Газеті» -- 2022 жылдың 18 қаңтарында Сыртқы істер министрінің орынбасары Лэ Юйчэн Қытайдың Жэньминь университетінде өткен 2022 жылғы макрожағдаят туралы жылдық форумда арнайы сөз сөйлеп, «Қытайдың жалпы экономикалық деңгейі Америка Құрама Штаттарынан аспайды, алайда біз оған мүдделі емеспіз, ол біздің ұмтылыс та емес»,- деді. «1,4 миллиард қытай халқын қам-қайғысыз етіп, халықтың жақсы өмірге деген ұмтылысын қанағаттандыру - Қытай коммунистік партиясының мақсаты. Қытайда әлі күнге дейін ұшаққа отырып көрмеген 1 миллиард адам бар екенін, 200 миллионнан астам қытайлық отбасы үйінің ішінде дәретхана жоқ екенін білуіңіз керек. Бакалавриат немесе одан жоғары білімі бар қытайлықтардың үлесі бар болғаны 4%, ал АҚШ-тағы салыстырмалы көрсеткіш - 25%. Міне, біз осыған үлкен мән беріп, өзгертуге тиіспіз. Біз ІЖӨ-нің АҚШ-тан озғанынан гөрі, идеологиямыз, басқару қабілетіміз және әлемге қосқан үлесіміз жағынан озық болуды, халықтың үмітіне және заманның ағымына сай болуды басты назарда ұстаймыз».

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото