2022 жылғы Бейжің қысқы Олимпиада эмблемасы нені білдіреді?

(Онлайн Халық Газеті)2022 жыл 19 қаңтар
2022 жылғы Бейжің қысқы Олимпиада эмблемасы нені білдіреді?

19 қаңтар, онлайн «Халық Газеті» -- Қысқы Олимпиада эмблемасы қытайдың «қыс» әрпінен бастау алған. Ол шығыстың мәйекті мәдениетін халықаралық заманауи стильмен біріктіру үшін қытай каллиграфиясының көркем түрін пайдаланған.

Эмблема сызбасының жоғарғы бөлігінде коньки тебушінің пішіні, ал төменгі бөлігінде шаңғышының бейнесі көрсетілген. Ортадағы толқынды сызықтар тегіс және ырғаққа толы, олар тау сілемдерін, стадионды, қар-мұз жолдарын және эмблемаға мерекелік әсер беретін ленталарды бейнелейді. Сонымен қатар Бейжіңдегі Қысқы Олимпиада ойындары Қытайдың жаңа жылында өтетінін аңғартады.

Эмблемада көк түс басым, ол арман мен болашақты және қар-мұздың пәктігін білдіреді. Қызыл және сары түстер Қытайдың ұлттық туынан алынған, бұл спорттың жігерге, жастық жалын мен өміршеңдікке толы екенін айқындайды.

«BEIJING 2022» шрифт түріне қытай каллиграфиясы мен қағаз қию ерекшеліктері сіңірілген. Бұл жазудың мәдени коннотациясы мен экспрессивтік ықпалын арттырып, эмблемалық графиканың толықтығы мен тұтастығын көрсетеді.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото