Бейжің-2022 қысқы Паралимпиада ойындарының эмблемасы нені білдіреді?

(Онлайн Халық Газеті)2022 жыл 19 қаңтар
Бейжің-2022 қысқы Паралимпиада ойындарының эмблемасы нені білдіреді?

19 қаңтар, онлайн «Халық Газеті» -- Эмблеманың дизайны ойынды өткізетін елдің мәдениетін көрсететін және спортшыларды ынталандыратын тұжырымға сәйкес, Қытай каллиграфия өнерін Қысқы Паралимпиада ойындарының спорттық ерекшеліктерімен қабыстырған. Дизайн қытай жазуы «ұшудың» әсері мен күшін бейнелеген, жеңіл түрде алға сырғанап, жеңіске ұмтылатын спортшыны елестетеді. Сонымен бірге мүгедектер арбасы сияқты қысқы Паралимпиада ойындарына арналған арнайы спорттық жабдықтардың пішінін көз алдыңызға әкеледі. Сызықтың жоғарғы жартысы қатты әрі бұралаң, ал төменгі жартысы жұмсақ және дөңгелек болып келген. Бұл спортшылардың қанша жығылса да қайтпай, соңында табысқа жететін асқақ жігерін білдіреді.

Эмблемада алға ұмтылып, өзін жеңіске бастайтын, аянбай еңбек етіп, әлемді шабыттандыратын спортшылардың паралимпиадалық рухы бейнеленген.

Эмблеманың жалпы графикасы асқақ рухты жігерге толы. Ол спортшыларды қысқы Паралимпиада ойындарында жастық армандарын жүзеге асыру үшін өздерінің күшті ерік-қайратын рухани қанат ретінде пайдалануға шабыттандырады! 

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото