Сыртқы істер министрлігі: Қытай АҚШ шенеуніктеріне қысқы Олимпиада визаларын берді

(Онлайн Халық Газеті)2022 жыл 21 қаңтар
Сыртқы істер министрлігі: Қытай АҚШ шенеуніктеріне қысқы Олимпиада визаларын берді

21 қаңтар, онлайн «Халық Газеті» -- Қытайдың Бейжіңдегі қысқы Олимпиада ойындары кезінде Қытайға келуге өтініш білдірген америкалық шенеуніктерге виза берген-бермегені туралы БАҚ сауалдарына жауап ретінде Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Чжао Лицзянь 19 қаңтар күні Қытайдың АҚШ-тың мемлекеттік қызметкерлерінен тұратын командасының кейбір мүшелеріне тиісті визаларды қарап шығып, бергенін растады.

Сол күнгі кезекті баспасөз мәслихатында тілші мәліметтерге сәйкес, Қытай Бейжіңдегі қысқы Олимпиада ойындары кезінде АҚШ үкіметінің қызметкерлері Қытайға келу үшін 46 қызметкерге виза берді. Бұл АҚШ шенеуніктерінің көпшілігі АҚШ Мемлекеттік департаментінен делінген, Баспасөз хатшысы бұл жаңалықты растай аласызба? АҚШ-тың визаға өтініші олардың бұрынғы Бейжіңдегі Қысқы Олимпиада ойындарына ресми және дипломатиялық өкілдерін жібермейтіні туралы мәлімдемесіне қайшы емеспе?-, деп сұрау қойды.

Чжао Лицзянь Қытай тарапы АҚШ үкіметінің шенеуніктерінен тұратын командасының кейбір мүшелеріне тиісті визалар бергенін айтты. Қытайға келіп Бейжіңдегі қысқы Олимпиада ойындарына қатысатын АҚШ құрамасының құрамында АҚШ Мемлекеттік департаментінің және басқа да үкіметтік департаменттердің көптеген шенеуніктері бар. Олардың көпшілігінің дипломатиялық немесе ресми төлқұжаттары бар екенін айтты.

Чжао Лицзянь: «АҚШ тарапы Олимпиадалық рухты шын жүректен қолданып, Қытай тарапымен бірге әлемнің түкпір-түкпірінен келген спортшылардың Бейжіңдегі қысқы Олимпиада ойындарына қатысуы үшін жақсы атмосфера жаратуға күш салады деп күтеміз», - деді.

Ол АҚШ-тың дипломаттар мен шенеуніктерге виза беру туралы өтініші мен АҚШ-тың Бейжіңдегі қысқы Олимпиада ойындарына ресми және дипломатиялық өкілдерін жібермейтіндігі туралы бұрынғы мәлімдемесі арасында қайшылық бар-жоғын АҚШ-тан сұрау керек деді. 

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото