Ат жалында ойнаған баланың арманы

(Онлайн Халық Газеті)2022 жыл 21 қаңтар

21 қаңтар, онлайн «Халық Газеті» -- 12 қаңтар күні Шыңжаңның Мори қазақ автономиялы ауданында қысқы Олимпиада қарсаңында ат бәйгесі өтті. Айтулы додада 13 жасар Құрметжан Батырбекұлы бас бәйгені жеңіп алды. 

Құрметжан Мори қазақ автономиялы аудандық No1 орта мектептің жетінші сынып оқушысы. Оның жасы кіші болса да, өз ауданында бәйгеші жігіт деген атпен белгілі.

«Кішкене күнімнен ат жалында ойнап, сахара төрінде шауып жүргенді жақсы көремін. Ауылдастарым мені келешекте мықты шабандоз боласың дейді. Ал өзім болашақта елімізге танымал спортшы болсам деп армандаймын», -дейді Құрметжан.

Әкесінің айтуынша Құрметжан 5 жасынан бастап ат құлағында ойнапты. Әкесі осы бәйгеден озып келген тұлпарға Құрметжанның 7 жасында ен салып берген екен. Желден жүйрік болсын деген тілекпен атқа «Дауыл» деген есім де беріпті.

Құрметжанның анасы Шәйіргүл Арманқызы баласы аттан жығылып жараланып қалған сәттерде көз жасына ерік берсе де, жары екеуі балаларын қолдап, қиыншылықтарын бөлісіп, биіктерге самғауын көксейді екен.

Бейжің 2022 жылғы Қысқы Олимпиада ойындарын өткізу мүмкіндігін алғаннан бері қар-мұзға қатысты іс-шаралар танымал бола бастады. Мори ауданында тау шаңғысы, биатлон, шаңғы жарысы сынды қысқы Олимпиаданың нысандарын өткізетін тамаша орта бар. Аудан қысқы ат бәйгесін 8 жыл бойы үзіліссіз өткізіп келеді. Айтылмыш елді мекен 2021 жылы түрлі сипаттағы қар-мұз іс шараларының 36-сын өткізіпті. 

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Zhao Jian)

Фото