Өткен қысқы Олимпиада ойындары бойтұмарларында қай жануар көбірек кездеседі?

(Онлайн Халық Газеті)2022 жыл 21 қаңтар

21 қаңтар, онлайн «Халық Газеті» -- 1968 жылы Гренобльдегі Қысқы Олимпиада ойындарында ең алғашқы қысқы Олимпиаданың бойтұмары әзірленген еді. Содан бері бойтұмар бейнесі көпшіліктің назарын аударып келеді. Олардың ішінде қарапайым да сүйкімді аю қысқы Олимпиада ойындарында ең көп қолданылған бойтұмар саналады.

1988 жылғы Калгаридегі Қысқы Олимпиада ойындарының бойтұмарлары

1988 жылғы Калгаридегі Қысқы Олимпиада ойындарының бойтұмарлары Hidy мен Howdy атты бір жұп сүйкімді ақ аю болған.

2002 жылғы Солт-Лейк-Сити қысқы Олимпиадасының бойтұмарлары

2002 жылғы Солт-Лейк-Сити қысқы Олимпиадасының бойтұмарлары үш түрлі жануардың бейнесін пайдаланған: қоян Powder, солтүстік Американың дала қасқыры Copper мен Америның қара аюы Coal. Бұл үшеуі сол кездегі Олимпиада ойындарының «тезірек, жоғарырақ, күштірек» деген ұранына уәкілдік еткен.

2010 жылғы Ванкувердегі Қысқы Олимпиада ойындарының бойтұмарлары

2010 жылғы Ванкувердегі Қысқы Олимпиада ойындарының бойтұмарлары – «Мига» Miga мен «Кватчи» Quatchi. Олардың ішінде «Мига» бейнесі Канаданың Британ Колумбиясында ғана тіршілік ететін ақ аю серфингтің ерекшеліктерімен дараланған. Ал «Кватчи» болса аңыздардағы Солтүстік Американың жабайы адамы. Бұл бойтұмар шайбалы хоккейге деген ерекше махаббатты паш етуімен ерекшеленеді.

2014 жылғы Сочи қысқы Олимпиадасының бойтұмарлары

2014 жылғы Сочи қысқы Олимпиадасының бойтұмарлары да үш түрлі жануар бейнесін қолданған. Олар: ақ аю Polar bear, барыс leopard және қоян Hare. Сүйкімді ақ аюды орыс халқы қатты ұнатады.

2018 жылғы Пхенчхан қысқы Паралимпиада ойындарының бойтұмары

2018 жылғы Пхенчхан қысқы Паралимпиада ойындарының бойтұмары «Бандаби» Bandabi атты Азия қара аюы. Мықты жігер мен ерліктің символы болған ол әлемге Паралимпиада ойындарының арманы мен құндылықтарын әйгіледі.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото