Бейжіңдегі қысқы Олимпиада ойындары кезіндегі жабық басқару басталды

(Онлайн Халық Газеті)2022 жыл 24 қаңтар
Бейжіңдегі қысқы Олимпиада ойындары кезіндегі жабық басқару басталды

24 қаңтар, онлайн «Халық Газеті» -- Бейжіңдегі қысқы Олимпиада ойындарын жабық жүйемен басқару 23-і күні ресми түрде іске қосылды. Барлық Олимпиадаға қатысы бар адамдар және тиісті қызметкерлер толық процесс, толығымен жабық, нүктеден нүктеге дейін жабық циклді басқаруда болады. Олар жұртшылықтан толығымен бөлініп, күнделікті денсаулық бақылауы мен нуклеин қышқылдарының тексеруінен өтеді.

Бейжіңдегі қысқы Олимпиаданы ұйымдастыру комитеті бірнеше күн бұрын, яғни 4 қаңтарда басталған Бейжің қысқы Олимпиадасының жабық жүйемен басқару сынақ жұмыстары жақсы жүріп жатқанын және Бейжің қаласын қамтыған жақындағы қалалар тұрғындарының тұрмысы кері әсерге жолықпағанын айтқан болатын.

Бейжіңдегі қысқы Олимпиаданы ұйымдастыру комитеті 23 қаңтар күні, 4-22 қаңтар аралығындағы Бейжің қысқы Олимпиада ойындарына қатысты індеттің алдын алу жағдайын хабарлады. 4 қаңтар күні сағат 00:00-ден 22 қаңтар күнгі сағат 23:59-ға дейін әуежайдан Олимпиадамен байланысты 2586 адам кірді, оның ішінде 171 спортшы мен команданың лауазымды тұлғалары және 2415 басқа мүдделі тараптар бар. Кедендік тексеруден кейін 39 адамның нуклеин қышқылы қайтадан оң нәтиже берді, олардың барлығы басқа мүдделі тараптардан.

4 қаңтар күні сағат 00:00-ден, 22 қаңтар күні сағат 23:59-ға дейін жабық басқарылатын жерде нуклеин қышқылдарын тексерудің жалпы саны 336 421 рет болды, оның ішінде спортшылар мен команданың лауазымды тұлғалары 175 рет, басқа мүдделі тараптар 336 246 рет. Бұлардың ішінде 33 адамның нуклеин қышқыл нәтижесі қайтадан оң нәтиже көрсетті, олардың барлығы басқа мүдделі тараптардан.

Эпидемияның алдын алу жөніндегі нұсқаулыққа сәйкес, медициналық жеңілдіктерден басқа, Олимпиадамен байланысты барлық адамдар Қытайға келуден 14 күн бұрын індетке қарсы вакцинаны толық ектірсе, онда олар орталықтандырылған оқшаулаудан босауға болады. Шекарадан кіруден кетуге дейін бүкіл процесті, толық жабуды және нүктеден нүктеге дейін жабық басқару саясаты жүзеге асырылады.

Бұдан сырт, жабық басқарудағы Қытайға келетін Олимпиадамен байланысты адамдар және шетелдік тараптарға тікелей қызмет көрсететін отандық қызметкерлер күнделікті денсаулық бақылауы мен нуклеин қышқылдарының тестілеуінен өтуі, жабық жүйеде қонақ үйлерде немесе Қысқы Олимпиада ауылдарында тұруы керек және Қысқы Олимпиада ойындарының арнайы көліктері арқылы, арнайы жабық орындарға баруға және қайтуға ғана рұқсат етілген. Жабық басқарудың сыртындағы адамдармен, қоғаммен жанасуға болмайды.

Жақында Халықаралық Олимпиада комитетінің президенті Бах былай деді: Үнемі өзгеріп отыратын індеттің орасан зор қысымы жағдайында Бейжіңдегі Қысқы Олимпиаданы ұйымдастыру комитеті күшті және тиімді алдын алу және бақылау шараларын қабылдады, жабық басқару қауіпсіз және тегіс болды, сонымен бірге қызмет көрсету кепілдігі мұқият болып халықаралық қоғамдастықтың жоғары бағасына ие болды. ХОК жарыстың жоспарланғандай қауіпсіз және кедергісіз өтетініне сенімді және індеттің алдын алу шараларын жүзеге асыруда жетекшілік етеді, ол Қытайға келетін барлық адамдарды індеттің алдын алу жөніндегі нұсқаулықты қатаң сақтауға шақырды. 

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Zhao Jian)

Фото