Цинхайда әлемдегі ең ауқымды жаңа энергиялық шашыраңқы орналасқан конденсатор тобы іске қосылды

(Онлайн Халық Газеті)2022 жыл 24 қаңтар

24 қаңтар, онлайн «Халық Газеті» -- Тілші Цинхай мемлекеттік желілік электр энергетикалық компаниясынан 23 қаңтарда Цинхай өлкесіндегі Хайнань Тибет автономиялық облысының жаңа энергетикалық базасындағы 21 шашыраңқы орналасқан конденсатор тобының соңғы 3 конденсаторы сынақтық пайдаланудан кейін коммерциялық қолданысқа берілгенін білді. Демек, әлемдегі ең үлкен ауқымдағы жаңа энергия таратылатын конденсаторлар тобы Цинхайда іске қосылды. Бұл Цинхайдың жаңа энергия жеткізу қуатын тікелей 3,5 миллион киловаттқа арттырады.

Сала мамандарының айтуынша, конденсатор электр желісінің «кернеу реттегіші» ретінде белгілі, ол «электр желісінде» кеңінен қолданылған, бірақ «қуат көзінде (электр қайнарында)» алғаш рет қолданылып отыр. Цинхай өлкесі күн мен жел энергиясы сияқты жаңа энергия ресурстарына бай әрі оның жаңа энергия өндіру үлесі жоғары. Жаңа энергияның үзілмелі, кездейсоқ және өзгермелі сипаттарын ескере отырып, «қуат көзіне (эелктр қайнарына)» шағын шашыраңқы орналасқан конденсаторларды орнату жаңа энергияның UHVDC тарату жобасының қауіпсіз және тұрақты жұмысына кепілдік береді.

Осы жолы іске қосылған 21 жаңа энергиялық шашыраңқы орналасқан конденсаторлар тобы әлемдегі бірінші және қазіргі уақытта ең ауқымды жаңа энергиялық шашыраңқы орналасқан конденсаторлар тобы екені түсінікті. Пайдалануға берілгеннен кейін Цинхай өлкесі жыл сайын қосымша 7,02 миллиард кВт/сағ жаңа энергия қуатын шығарады деп күтілуде.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Zhao Jian)

Фото