Си Цзиньпин 5 ұсыныс айтты:тату көршілік пен достықтың үлгісін берік орнатайық

(Онлайн Халық Газеті)2022 жыл 26 қаңтар
Си Цзиньпин 5 ұсыныс айтты:тату көршілік пен достықтың үлгісін берік орнатайық

26 қаңтар, онлайн «Халық Газеті» -- Си Цзиньпин Қытай мен Орталық Азиядағы бес ел арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастар орнағанының 30 жылдығына арналған бейне саммитке төрағалық етіп, 5 ұсыныс айтты.

Біріншіден, тату көршілік пен достықтың үлгісін берік орнату. Қытай достық, шынайылық, өзара тиімділік және инклюзивтілік тұжырымдамасын ұстана отырып, Орталық Азия елдерімен жоғары деңгейдегі алмасулар мен стратегиялық байланыстарды нығайтып, «Қытай + Орталық Азиядағы бес елдің» сыртқы істер министрлерінің кездесуі сынды бірқатар диалог пен ынтымақтастық тетіктерін сәтті өткізеді. Ынтымақтастық пен өзара сенімді үздіксіз арттырып, өзара тиімді ынтымақтастықты тереңдетіп, ортақ дамуға, ортақ өркендеуге қол жеткізеді. Адам құқығын желеу етіп, басқа елдердің ішкі істеріне араласуға үзілді-кесілді қарсымыз.

Екіншіден, жоғары сапалы дамудың ынтымақтастық белдеуін құру. Қытай Орталық Азия елдеріне аса үлкен нарық жүйесін ашуға, Орталық Азия елдерінен жоғары сапалы тауарлар мен ауылшаруашылық өнімдерін көбірек импорттауға және Қытай мен Орталық Азия экономикалық және сауда ынтымақтастығы форумын табысты өткізуге дайын. Қытай Қытай-Орталық Азиядағы бес елмен электрондық коммерция ынтымақтастығы диалогы механизмін құруды және лайықты кезде Қытай-Орталық Азия елдерінің өнеркәсіп және инвестициялық ынтымақтастық форумын өткізуді ұсынады. Адамдардың емін-еркін жүруі үшін «жылдам арна» құрып, жүк тасымалының кедергісіз өтуі үшін «жасыл даңғылдарды» жақсартады, Қытай-Қырғызстан-Өзбекстан теміржол жобасын жеделдетіп, Қытай-Орталық Азия көлік дәлізінің құрылысын ілгерілетеді. «Қытай-Орталық Азия» мұнай-газ құбырының тұрақты жұмыс істеуін қамтамасыз етіп және барлық энергетикалық өнеркәсіп тізбегіндегі ынтымақтастықты кеңейтеді. Жасанды интеллект, үлкен деректер және бұлтты есептеулер сияқты жоғары технологиялық салалардағы ынтымақтастықты нығайтады.

Үшіншіден, бейбітшілікті қорғайтын қорғаныс қалқанын күшейту. «Үш зұлым күшке» қарсы күресті жалғастырып, шекаралық бақылау және басқа да аспектілердегі ынтымақтастықты тереңдетіп, қуатты аймақтық қауіпсіздік желісін құру қажет. Қытай Орталық Азия елдерін вакциналар мен эпидемияға қарсы материалдармен қамтамасыз етуді жалғастырып, вакциналар мен арнайы дәрі-дәрмектердің бірлескен өндірісі мен технологиялар трансфертін арттыруға дайын. 2022 жылы Қытай Орталық Азия елдеріне тағы 50 миллион доза вакцина көмек көрсетеді және мұқтаж елдерде дәстүрлі медицина орталықтарын ашады. Қытай Қытай-Орталық Азия денсаулық сақтау индустриясы альянсын құруға шақырады.

Төртіншіден, көп тарапты әрекеттес ұлы шаңырақ құру. Гуманитарлық ауыс-түйістің жалпы үлгісін құру, әр елде мәдени орталықтар құруды жеделдету, мәдени мұра диалогтарын белсенді жүргізу, әйелдер қауымы, ақыл-парасат бірлестігі, бұқаралық ақпарат құралдары салаларындағы алмасуды жалғастыру қажет. Қытай Орталық Азия елдерінің туристік ресурстарын ілгерілетуге платформа әзірлейді және барлық бес елді Қытай азаматтарының шығу туризмінің бағыттары ретінде көрсетуге дайын. Мемлекетіміз Қытай мен Орталық Азия халықтары достығы форумын өткізуді ұсынып, алдағы 5-10 жылда Қытай мен Орталық Азияның бес мемлекеті арасындағы достық қалаларының санын 100-ге жеткізуге күш салады. Алдағы 5 жылда Қытай Орталық Азияның бес еліне Қытай үкіметінің 1200 шәкіртақысын беруді жоспарлап отыр және Қытай-Орталық Азия жастар өнері фестивалі және «Болашаққа көпір» Қытай-Орталық Азия жастар көшбасшыларын оқыту және алмасу лагері сынды іс-шараларды жоспарлауда.

Бесіншіден, бейбіт дамитын жершары ауылын қорғау. Жақында мен жаһандық даму бастамасын ұсынып, тәуекелдер мен сын-қатерлерге тізе қоса төтеп беріп, Біріккен Ұлттар Ұйымының 2030 жылға дейінгі тұрақты даму күн тәртібін алға жылжытуды үндедім. Мен алдағы үш жылда Қытай Орталық Азия елдеріне ұлттық өмір сүру жобаларын салуға тегін көмек ретінде 500 миллион АҚШ долларын бөлетінімді; әр елге денсаулық сақтауды дамытуға, кедейшілікті жоюға және ауыл шаруашылығына көмектесу, өзара байланыс жасау, ақпараттық технология сияқты салалардағы кәсіптік дарындыларды жетілдіріп, дамудың ішкі қозғаушы күшін нығайтуға жәрдемдесу үшін 5000 ғылыми-зерттеу және семинар орындарын әзірлейтінімді хабарлаймын.

Си Цзиньпин сөз соңында былай деп баса көрсетті:«Қытайдың көне тәмсілінде «жол жақын болғанымен, жүрмесең жете алмайсың, жұмыс шағын болғанымен, істемесең бітіре алмайсың» деген сөзі бар. Біз 6 ел халқының бақытын басты түйін етіп, достықты жалғастырып, ынтымақтастықты дамытып, Қытай мен Орта Азия елдерімен қатынастың жарқын болашағына бірге қадам басып, адамзаттың тағдырлас ортақ тұлғасын құруды бірге ілгерілетейік. 

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото