Қазақстан спортшыларының толық құрамы белгілі болды

(Онлайн Халық Газеті)2022 жыл 26 қаңтар
Қазақстан спортшыларының толық құрамы белгілі болды

Қазақстан Ұлттық Олимпиада комитеті 2022 жылы Қытай астанасы Бейжің қаласында өтетін XXIV Қысқы Олимпиада ойындарына қатысатын спортшылардың толық құрамын жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Атап айтсақ, Олимпиадаға 34 спортшы қатысады.

Халықаралық шаңғы спорты түрлері федерациясының (FIS) шешімі бойынша, Қазақстан командасына шаңғымен жарысудан қосымша бір жолдама берілді. Бұл тағы бес дисциплина бойынша бақ сынауға мүмкіндік сыйлады. Сондай-ақ, фристайл-могулдан тағы бір квота бөлінді.

Шаңғы жарысы - Виталий Пухкало, Евгений Величко, Ксения Шалыгина, Валерия Тюленева, Ирина Быкова, Надежда Степашкина және Ангелина Шурыга.

Фристайл-могул - Юлия Галышева, Аяулым Амренова, Олеся Граур, Анастасия Городко, Дмитрий Рейхерд және Павел Колмаков.

Шаңғы акробатикасы - Жанбота Алдабергенова, Ақмаржан Қалмұрзаева және Шерзод Хаширбаев.

Тау шаңғысы - Ерлер арасында Захар Кучин (слалом мен гигантты слалом) мен әйелдер арасындағы слаломда Александра Троицкая бақ сынамақ.

Шаңғымен секіру - Сергей Ткаченко мен Данил Васильев, сондай-ақ, шаңғы қоссайысынан Шыңғыс Ракпаров жарыс жолына шықпақ.

Биатлон - Галина Вишневская-Шепоренко, Александр Мухин мен Владислав Киреев, конькимен жүгіру спортынан Надежда Морозова, Екатерина Айдова, Дмитрий Морозов, Иван Аржаников пен Денис Кузин.

Шорт-трек - Абзал Әжіғалиев, Денис Никиша, Әділ Ғалиахметов, Яна Хан және Ольга Тихонова. Осылайша, қазақстандық спортшылар қысқы Олимпиадаға 87 жолдама жеңіп алды. 

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото