Тонгадағы жанар таудың атылуы салдарынан «жаз болмауы» мүмкін бе?

(Онлайн Халық Газеті)2022 жыл 27 қаңтар
Тонгадағы жанар таудың атылуы салдарынан «жаз болмауы» мүмкін бе?

27 қаңтар, онлайн «Халық Газеті» -- Тонга ұлттық төтенше жағдайлар басқармасының жақында хабарлағанындай, жергілікті уақыт бойынша 23 қаңтардағы мәлімет сәйкес Тонга жанартауының атылуы тудырған цунами алты адамның өмірін жалмады. Жергілікті уақыт бойынша 14-15 қаңтар аралығында Тонгадағы Ха’апаи аралының су астындағы жанартауы қатарынан екі рет атқылап, Тонгада биіктігі 15 метрге жететін цунамиді тудырған. Сонымен қатар Жапония, АҚШ, Жаңа Зеландия және басқа елдерде мұхитаралық цунами пайда болды.

Жанартаудың атылуы мен одан туындаған цунамиден Тонга үлкен зардап шекті. Agence France-Presseнің 17 қаңтарда хабарлағанындай, Тонга аралдарының суасты желісі мен телефон дабылдары үзілген. Ал тиісті желілік компанияның жауапты тұлғасы «оны қалпына келтіруге кемінде екі апта қажет», - деді.

Тонга үкіметі мәлімдеме жасап, Тонганың «бұрын-соңды болмаған апатқа ұшырағанын» айтты. Біріккен Ұлттар Ұйымының гуманитарлық істер жөніндегі агенттігінің мәліметінше, жанартау атылуынан қалыптасқан күл қалдығы мен цунамидан ел халқының 80 пайыздан астамы зардап шеккен.

Қытай геоғылыми университетінің (Ухань қаласындағы) профессоры Ма Чанцянь газетімізге берген сұхбатында бұл 1991 жылы Филиппиндегі Пинатубо жанартауының атылуынан кейінгі әлемдегі ең күшті жанартау атылуы болуы мүмкін екендігін, ал жанартау атылуынан пайда болған цунами тіпті «ғасырда бір рет» кездесіп отырғандығын айтты.

Тонга жанартауының атылуынан кейін көптеген елдер, аймақтар және халықаралық ұйымдар бұған шұғыл назар аударып, дер кезінде көмек көрсетті. Цунами қаупі сейілгеннен кейін Жаңа Зеландия келтірілген шығынды есептеу үшін Тонгаға ұшақ жіберді, - деп хабарлады ВВС. ABC хабарлауынша, Жапония мен Еуропалық Одақ Тонгаға азық-түлік пен ауыз су сияқты көмек жабдықтарын жіберген.

Қытай Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы 24 қаңтарда Қытай Тонгадағы апат жағдайына ерекше көңіл бөліп, Тонгаға әртүрлі арналар арқылы көмектесіп жатқанын айтты. Қытай үкіметі Тонгаға көмек көрсету материалдарының бірінші тобын және Қытайдың Қызыл Крест қоғамы арқылы 100 000 АҚШ доллары көлеміндегі шұғыл гуманитарлық ақшалай көмек негізінде үкімет тағы да екінші топ төтенше көмек беруге шешім қабылдады. 20 миллион юань тұратын екінші топта төтенше көмек материалдары; шұғыл гуманитарлық ақшалай көмек; Тонга маңындағы Фиджидегі Қытай елшілігі арқылы бағасы 1 миллион юань тұратын ауыз су, азық-түлік, генераторлар, су сорғылар, шынжырлар сынды материалдық заттарды жөнелтті.

Ма Чанцянь бұл жолғы жанартаудың атылуы мұхитаралық цунамиден басқа да көптеген жағымсыз әсерлерді тудыруы мүмкін екендігін жорамалдады. Олар:«Біріншіден, көршілес елдердің жағалауларын тоздырып, осы елдердің балық ресурстарын талқандайды; екіншіден, жанартау атылғаннан кейін бөлініп шыққан заттардың атмосфераға таралуы салдарынан қышқылдық жауын-шашын пайда болып, Тонга мен көршілес елдердің азық-түлік өндірісіне әсер етуі мүмкін; үшіншіден, жанартаудың атылуынан кейінгі күл қалдығы Тонга мен көршілес елдердің ауасы мен суын ластап, тұрғындардың денсаулығына кері әсерін тигізеді».

Мәліметтерге сәйкес, 1783 жылы Исландиядағы Наки жанартауы атылғаннан кейін 1783 жылдан 1784 жылға дейін Еуропада қыс әдеттегіден суық болған екен. 1815 жылы Индонезиядағы Тамбора жанартауының атылуынан соң, әлемнің орташа климаты шамамен 0,4°C-0,7°C төмендеп, солтүстік жарты шардың көптеген аймақтарында «жазсыз маусым» орын алған.

Осыған байланысты Ма Чанцянь: «Бұл соңғы 30 жылдағы ең зор жанартаудың атылуы болғанымен, қазіргі мәліметтерге сәйкес ол жаһандық жанартау қысын тудыра қоймайды. Бұл жолғы жанартаудың атылуы әсері негізінен Оңтүстік жарты шарға шоғырланады да сонда қыс маусымы әдеттегіден суық болады», - деді.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Zhao Jian)

Фото