Қай қысқы Олимпиада оқиғасы ежелгі аңшылықтан дамыған?

(Онлайн Халық Газеті)2022 жыл 27 қаңтар

27 қаңтар, онлайн «Халық Газеті» -- Биатлон шаңғы жарысы мен оқ ату жарыстарынан тұрады. Ол спортшылардың мылтығын асынып бір талай жерге сырғанап барып, мылтық атып, қайта сырғанайтын жарыс түрі. Сондықтан оны «қар үстіндегі соғыс» деп те атайды. Оның тарихы өте ұзақ, ол ежелгі дәуірдегі шаңғымен жүріп аң аулау кәсібінен туындаған. Қытай және Норвегия, Нидерланды мен Швеция сияқты Солтүстік Еуропа елдерінің бірнеше мыңдаған жылдар бұрын салынған жартас суреттерінде адамдардың сноубордқа мініп, қолдарына таяқ алып қар үстінде жануарларды қуып жүрген көріністері сақталған.

1924 жылы биатлон бірінші қысқы Олимпиада ойындарында өнер көрсету түрі ретінде тізімге енді. 1960 жылы Сегізінші қысқы Олимпиада ойындарында биатлон ресми ойын түріне айналды.

Биатлондағы шаңғы жарысы ойыншылардың төзімділігі мен дене шымырлығын, ал ату жарыстары ойыншылардың шеберлігі мен тұрақтылығын қажет етеді. Осы екі элемент бірігіп, спортшылардың статикалық және динамикалық қабілеттері мен әлеуетінің жан-жақтылығын қатар сынайтын болады.

Айта кету керек, шаңғымен сырғанау кезінде шаңғышының максималды жүрек соғу жиілігі минутына 200 ретке жетуі мүмкін. Алайда, ату нүктесіне жақындамас бұрын шаңғышылар бір минутқа жетпейтін уақытта жүрек соғу жиілігін минутына 120-ға дейін төмендетуі керек. Сонда ғана шабандоз мылтық атуға керекті жүрек соғу жиілігіне жете алады. Қозғалыс пен тыныштық арасындағы ауысу бұл жобаның басқа жобалардан ең үлкен айырмашылығы болып табылады.

Бейжіңдегі қысқы Олимпиада ойындарының биатлон жарысы Чжанцзякоудағы Ұлттық биатлон орталығында 5-19 ақпан аралығында өтеді. Бұл жоба бойынша жалпы 11 алтын медаль тағайындалған.

Кейбір еуропалық «қар-мұздағы әлеуетті елдермен» салыстырғанда Қытайдың биатлоны кеш басталғанымен дамуы өте қарқынды. 1961 жылы Қытайда биатлоннан Халық азаттық армиясы мен Тунхуа аймақтық командасы сынды бірнеше командалар болды. 1980 жылдан бастап Қытай спортшылары қысқы Олимпиада ойындарының биатлон жарысына қатысып келеді.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Zhao Jian)

Фото