Бейжің қысқы Олимпиадасындағы Қытай спорт делегациясы құрылды

(Онлайн Халық Газеті)2022 жыл 28 қаңтар
Бейжің қысқы Олимпиадасындағы Қытай спорт делегациясы құрылды

28 қаңтар, онлайн «Халық Газеті» -- 2022 жылдың 27 қаңтарында 24-ші қысқы Олимпиада ойындарына Қытайдың спорт делегациясы ресми түрде құрылды. Бейжің қысқы Олимпиадасына қатысатын Қытай спорт делегациясының жалпы саны 387, оның ішінде 176 спортшы, 164 жаттықтырушылар, команда басшылары және медициналық қызметкерлерлері, 47 команда қызметкерлері бар. Бейжіңдегі қысқы Олимпиада ойындары Қытай спорт делегациясының тарихындағы қатысқан жарыс түрі ең көп қысқы Олимпиада болып табылады.

176 спортшының ішінде 87-сі әйелдер болып, 49,43%-ын құрайды, ал ерлер саны 89 болып, 50,57%-ын құрайды. Спортшылардың орташа жасы 25,2 жас, ең үлкені 37 жас, ең кішісі 17 жас. Қысқы Олимпиадаға алғаш рет қатысқан спортшы саны 131, бұл 74,43%-ын құрайды.

Бұл жолы Қытай спорт делегациясы Бейжіңдегі қысқы Олимпиада ойындарының барлық 7 негізгі жарысы мен 15 қосалқы жарысын аяқтап, барлығы 104 қосалқы жарыс пен 194 орынды жеңіп алды, олар барлық 109 оқиғаның 95,4%-ын ұстайды.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Zhao Jian)

Фото