Си Цзиньпиннің «Адам мен табиғаттың үйлесімді өмір сүруін ұстану туралы» кітабы баспадан шықты

(Онлайн Халық Газеті)2022 жыл 29 қаңтар

29 қаңтар, онлайн «Халық Газеті» -- Қытай Компартиясы Орталық Комитетінің Партия тарихы мен құжаттары институтының редакциясымен Си Цзиньпин жолдастың «Адам мен табиғаттың үйлесімді өмір сүруін ұстану туралы» кітабы жақында Орталық партия әдебиет баспасынан басылып, елге тарады.

Бұл арнайы еңбектер жинағына Си Цзиньпиннің адам мен табиғаттың үйлесімді өмір сүруін ұстану туралы 79 маңызды қолжазбалары енгізілген. Бұл қолжазбалардың кейбірі алғаш рет басылып отыр.

Экологиялық өркениет құрылысы Қытай халқының тұрақты дамуының негізгі жоспары болып табылады. Қытай Коммунистік партиясының 18-інші жалпыұлттық съезінен бері ҚКП Орталық Комитетінің Бас хатшысы Си Цзиньпин экологиялық өркениет құруға бұрын-соңды болмаған күш-жігер жұмсап, идеология, заң, жүйе, ұйымшылдық және жұмыс стилі жағынан қуатын шоғырландырып, экологиялық ортаны жан-жақты, жалпы аймақтық және тұтас процесті қорғауды нығайтты. Іргелі, ілкімді және ұзақ мерзімді жұмыстар тізбегін жүзеге асырып, бүкіл партия - бүкіл ел көлемінде саналы және ырықты түрде жасыл дамуды айтарлықтай ілгерілетті. Көркем Қытайдың құрылысында үлкен қадамдар жасалды, еліміздің экологияық ортаны қорғауында тарихи, бетбұрысты және жалпы жағдайдағы өзгерістер іске асты.

Еліміз жаһандық қоршаған ортаны және климатты басқаруға белсенді түрде қатысты және ірі елдік жауапкершілікті көрсететін жаһандық экологиялық өркениет құрылысының маңызды қатысушысы, үлес қосушысы және көшбасшысы болды. Си Цзиньпин жолдас қытай ұлтының дәстүрлі мәдениетіне мұрагерлік етіп, заман ағымы мен халықтың еркіне сай болды, қытайлық сипаттағы социализмді қолдау мен дамытудың және Қытайдың ұлы өркендеуі туралы арманын жүзеге асырудың стратегиялық биігінде тұрды, экологиялық өркениет құрылысына қатысты маңызды экспозициялар сериясын жариялап, не үшін экологиялық өркениет құру қажеттігі, оны қалай, қай бағытта құру керектігі туралы негізгі теориялық және практикалық мәселелерге терең жауап беру аясында Си Цзиньпиннің экологиялық өркениет туралы ойын қалыптастырды. Си Цзиньпиннің экологиялық өркениет туралы ой-пікірлері жаңа дәуірдегі қытайлық сипатқа ие социализм туралы Си Цзиньпин ойының маңызды бөлігі болып табылады. Бұл еңбек «мөлдір сулар мен жайнаған таулар баға жетпес байлық» деген идеяны ұстану үшін, өндірісі дамыған, өмірі бай, экологиясы тамаша өркениетті даму жолына түсу үшін, адам мен табиғат үйлесімді өмір сүретін модернизацияны құруға ұмтылу үшін, заманауи социалистік елді жан-жақты құруда жаңа жеңіске жету және Қытай халқының ұлы жаңаруы туралы Қытай арманын жүзеге асыру үшін аса маңызды бағдарлық мәнге ие.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото