- Барлық ақпарат
Қытай қысқы Олимпиада ойындарының қайсысынан ең көп алтын медаль алды?
(Онлайн Халық Газеті)2022 жыл 29 қаңтар
29 қаңтар, онлайн «Халық Газеті» -- Қытайдың қар-мұз командалары арасында шорт-трек командасы көшбасшы екені анық. Қытай спорт делегациясының 13 қысқы Олимпиадалық алтын медалінің ішіндегі 10 алтынды шорт-трек командасы қанжығасына байлаған. Оның ішінде шорт-тректен әйелдер арасында 500 метрге жүгіру – Қытай делегациясы қысқы Олимпиада ойындарында ең көп алтын алған жарыс.
Алдағы Бейжің қысқы Олимпиадасында Қытайдың шорт-трек командасы 5 ер және 5 әйел адамнан тұратын толық квотаны жеңіп алды.
15 қаңтарда Бейжіңдегі қысқы Олимпиада ойындарының шорт-трек іріктеу жарысының аяқталуымен Қытайдың қысқы Олимпиада тізіміндегі шорт-тректен ерлер мен әйелдер командалары да белгілі болды. Оған У Дацзин сияқты атақты ойыншылар сәтті таңдалды.
(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)
Онлайн «Халық Газеті» туралы
people.cn © People's Daily Online
people.cn © People's Daily Online