Қазақстан темір жолының еншілес кәсіпорны Дарбаза-Тяньцзинь бағытындағы контейнерлік желіні іске қосты

(Онлайн Халық Газеті)2022 жыл 30 қаңтар
Қазақстан темір жолының еншілес кәсіпорны Дарбаза-Тяньцзинь бағытындағы контейнерлік желіні іске қосты

30 қаңтар, онлайн «Халық Газеті» -- «Қазақстан темір жолы ұлттық компаниясы» АҚ баспасөз орталығының хабарлауынша, «Қазақ темір жолының» еншілес кәсіпорны «Кедентранссервис Холдинг» Дарбаза станциясынан Тяньцзинь (Қытайдың солтүстікіндегі портты қала) бағытындағы Алатау сағасы шекара өткелі мен Достық шекарасынан өтетін контейнерлік пойыз желісін іске қосты.

Мәліметтерге сәйкес, контейнерлік пойызда мақта талшықтары тиелген 40 футтықтен тұратын жалпы саны 50 контейнер бар. Пойыз «Кедентранссервис» АҚ-ның жылжымалы құрамынан жасақталған.

Дарбаза станциясынан жолға шыққан алғашқы пойыз қаңтардың басында Достық станциясына келді. Контейнерді осы жерден рельске ауыстырғаннан кейін жүк Достық-Тяньцзинь бағытына жөнелтілді. Маршрут бойынша бір бағыттағы жеткізу уақыты 9 тәулікті құрады. Компания бұл желілік қызмет Қазақстан темір жолының жаңа желідегі бизнес қамтуын кеңейтетінін айтты.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото