Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев "Хабар 24" арнасына берген сұхбатында көрші Қытай Халық Республикасына қатысты өз ұстанымын жариялады

(Онлайн Халық Газеті)2022 жыл 30 қаңтар
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев

«Алдымен Қытайдың біздің ең жақын көршіміз екенін түсінуіміз керек. "Құдай қосқан көрші" дейді ғой. Ал көршіні ауыстыруға болмайды. Ол – бір. Екіншіден, Қытай экономикалық тұрғыда өте үлкен жетістіктерге жетті. Қытай жоғары технологиялар мен жасанды интеллект жағынан жетекші мемлекет болып саналады», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Қ.Тоқаев мынаны атап өтті: «Біз Қытаймен сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастығымызды ары қарай дамытуға мүдделіміз. Қытайды зерттеуіміз керек, қытай тілін үйренуіміз керек. Біз оның мықты ел екенін түсінуіміз керек. Онымен қарым-қатынасымыз да жақсы болуға тиіс».

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото